Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2026 года » Страница 3
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
12
наурыз
2026
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
Мектебімізде оқушыларға хулигандық әрекеттер мен «закладка» мәселесінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және тәртіптің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Басты мақсат – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағыт беру.
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
11
наурыз
2026
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның оқушылары 💫 Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде тамаша нәтиже көрсетті! 🔬 Жаратылыстану-математика бағыты бойынша: 🥇 Мырзатай Мерей 🥇 Амир Алихан (қоршаған орта және адам денсаулығы секциясы, жетекшісі Мұрат Майра) 🥈 Ашен Жансая 🥈 Шакирбек Жеңіс (информатика секциясы, жетекшісі Үмбеталиева Жазира) 🥉 Құдайберген Нұрсағат 🥉 Жармұхан Таңшолпан (қолданбалы математика секциясы, жетекшісі Аубакирова Айгүл)
Құттықтаймыз!!!🎉
11
наурыз
2026
Құттықтаймыз!!!🎉
     "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" республикалық олимпиадасының  II дәрежелі дипломмен Тұрғанбек Жазира Манарбекқызы марапатталды 🏆       Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен үздіксіз ізденістің нәтижесі. Ұстазымыз өз ісіне деген жауапкершілігі мен шығармашылығы арқылы білім беру сапасын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.  
«Дана әже – 2026»
10
наурыз
2026
---
«Дана әже – 2026»
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында «Даналық мектебі» жобасы аясында 2-сынып оқушыларының әжелерінің қатысуымен «Дана әже – 2026» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығын жас ұрпаққа үлгі ету, оқушылардың үлкенге деген құрметін арттыру. Кеш барысында әжелер өз өнерлерін көрсетіп, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісіп, немерелерімен бірге түрлі тапсырмалар орындады. Бұл шара
«Наурыздың нәзік әуені – аруларға» атты мерекелік кеш өтті.
06
наурыз
2026
«Наурыздың нәзік әуені – аруларға» атты мерекелік кеш өтті.
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында көктемнің ең шуақты мерекесіне орай ұстаз аруларға арналған ерекше кеш ұйымдастырылды. Кеш ұжымымыздың ағайларының ұйымдастыруымен өтіп, әсем ән, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Ұстаз аруларға құрмет көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. 🌷 Көктемнің нәзік әуені мен шынайы ықыласқа толы бұл кеш барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
04
наурыз
2026
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия мектебінде 8-сынып оқушылары арасында «Көктем Аруы – 2026» байқауы өтті. Аруларымыз өз өнерлерін, тапқырлықтары мен білімдерін бірнеше кезең бойынша сынап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерінің жан-жақтылығын дәлелдеді. Байқау барысында қыздарымыздың сахна мәдениеті, әсемдігі мен парасаттылығы айқын көрініс