Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Оқушыларға
Құттықтаймыз!!! 🎉
10
маусым
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
      №12 мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы Өтегенова Алтынай Мекенқызы «Қазақстан – Өзбекстан: Егіз халықтың егіз жүрегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жоғары білімділігі мен ғылыми ізденісі үшін ІІ дәрежелі диплом жүлдегері атанды.      Жетістігімен құттықтап, жас дарынға шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!!!
🏆 №12 мамандандырылған гимназия — Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарында!
08
маусым
2026
🏆 №12 мамандандырылған гимназия — Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық
 ✨ 2025–2026 оқу жылының республикалық олимпиада қорытындысы бойынша №12 мамандандырылған гимназия Қазақстанның ең үздік 100 олимпиадалық мектебінің рейтингіне енді!     Бұл жетістік – білімге құштар оқушыларымыздың табандылығының, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының жемісі. https://www.instagram.com/p/DZUE3PuIm2y/?igsh=MXViZmxjbXRtODI0cg==
☀️ Жазғы лагерьдегі табиғат аясындағы демалыс ☀️
05
маусым
2026
☀️ Жазғы лагерьдегі табиғат аясындағы демалыс ☀️
    Бүгін жазғы лагерь тәрбиеленушілерімен табиғат аясында көңілді демалыс ұйымдастырдық. Балалар таза ауада ойын ойнап, серуендеп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. 🌿     Күн шуағына бөленген жарқын сәттер мен шат күлкіге толы әсерлі күн есте қаларлықтай өтті. 💚                https://www.instagram.com/reel/DZMZgcmtRvR/?igsh=MWM4M2hieDc3bWY1Yg==
Рәміздер күні құтты болсын!
04
маусым
2026
Рәміздер күні құтты болсын!
    Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі, халқымыздың мақтанышы.     Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия ұжымы баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды!     Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз ел бірлігінің нышаны болып, Әнұранымыз жүрегімізге патриоттық рух сыйлай берсін!     Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі жасасын! 💙💛     ZSaNLg9/? igsh=MWV6anR2ZWZsbnNmc Q==
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
03
маусым
2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты
     Осы мерекеге орай мектебімізде оқушылар арасында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.     Байқау барысында оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі. Әрбір жұмыс ел рәміздеріне деген құрмет пен патриоттық сезімді айқын көрсетті.     Жас суретшілеріміздің еңбектеріне сәттілік тілеп, Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!     
«Ана тілім – тірегім» челленджін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия жанындағы «Балауса» жазғы лагері зор ықыласпен қабылдады.
02
маусым
2026
«Ана тілім – тірегім» челленджін Ш. Уәлиханов атындағы №12
     Челлендж аясында оқушыларымыз Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсірепов атындағы музейге танымдық саяхат жасап, қазақ әдебиетінің қос алыбының өмірі мен шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты. Экскурсия барысында балалар құнды жәдігерлерді тамашалап, қаламгерлердің шығармалары, өмір жолы және қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлестері туралы тың мәліметтер алды.     Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың туған тіліне, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани
🌸 «Мейірімділік – балаларға» челленджі 🌸
02
маусым
2026
🌸 «Мейірімділік – балаларға» челленджі 🌸
    Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия жанындағы «Балауса» жазғы демалыс лагерінің тәрбиеленушілері «Мейірімділік – балаларға» челленджіне қатысып, қамқорлық пен достықтың үлгісін көрсетуде. 💖     Балалардың қуанышты күлкісі, бір-біріне деген сыйластығы мен жанашырлығы – мейірімді қоғамның негізі. Әрбір жылы сөз бен игі іс жүректерге қуаныш сыйлап, әлемді жақсылыққа бөлейді. ✨ Мейірімділік – жүректен басталады!                 
Спорт – денсаулық кепілі! 💪🏃‍♀️
02
маусым
2026
Спорт – денсаулық кепілі! 💪🏃‍♀️
    Спортпен шұғылдану – тек жақсы дене бітімі ғана емес, мықты денсаулықтың, көтеріңкі көңіл-күйдің және сергек өмір салтының негізі. Тұрақты қозғалыс адамға күш-қуат беріп, шыдамдылық пен ерік-жігерді қалыптастырады.     Деніміз сау, рухымыз мықты болсын! Спортты серік етіп, салауатты өмір салтын бірге насихаттайық! ⚽🏀🏐                 https://www.instagram.com/reel/DZEvTDjtjyO/?igsh=a241bjhidDNhMm0=
☀️🎉 Балауса – жаздың жарқын бастауы!
01
маусым
2026
☀️🎉 Балауса – жаздың жарқын бастауы!
    Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия жанындағы «Балауса» жазғы лагері өз жұмысын салтанатты түрде бастады! 🌈✨      Балалардың шат күлкісі, көтеріңкі көңіл-күйі, қызықты ойындар мен жаңа достықтарға толы жазғы маусымның шымылдығы түрілді. 🌸     Алда бізді ұмытылмас әсерлер, қызықты саяхаттар, шығармашылық сәттер мен жарқын естеліктер күтіп тұр! 🚀🌟                  https://www.instagram.com/reel/DZCTDLNtHil/?igsh=MW05bnI0ZGZjNDhnYw==
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалалық «БалаFest» байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
01
маусым
2026
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалалық «БалаFest» байқауында
   Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен түрлі ойындарға қатысып, қызықты сайыстарда бақ сынады, естелік суреттерге түсіп, мерекелік бағдарламадан ерекше әсер алды. Іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, достық пен бірліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!                    https://www.instagram.com/reel/DZCJFUMNdXr/?igsh=MWE1eHY5MDducjViMw==
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 51 Вперед