Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ПҚО жоспарына сәйкес «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
21
мамыр
2026
ПҚО жоспарына сәйкес «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында
       Жиналыста 2025–2026 оқу жылының қорытындылары таныстырылып, жазғы демалыс кезіндегі оқушылар қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернет мәдениеті мен өрттің алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берілді.                  https://www.instagram.com/reel/DYmaAYhtkAC/?igsh=YzJ3b2h5OW5lN214
📚✨ 5–6 сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз. Күшіміз бірлікте» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
19
мамыр
2026
📚✨ 5–6 сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз. Күшіміз бірлікте»
      Тренинг барысында оқушылар ұйымшылдық, достық, өзара қолдау және бір-бірін тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты ойындарға қатысты. «Ортақ сурет», «Үндемей түсін», «Комплимент шеңбері», «Ортақ санау» сияқты белсенді жаттығулар арқылы балалар бірліктің күшін сезініп, жағымды эмоция алды 💙 ✨ Бірлік бар жерде – күш бар! ✨ Команда – бірге әрекет етіп, бірге жетістікке жету.                    https://www.instagram.com/reel/DYgaQC-sFKx/?igsh=ZGthc3lzYTE1eWFk
✨ 4-сынып оқушыларымен «5-сыныпқа қадам: жаңа белестер» тақырыбында психологиялық тренинг және «Менің бір жылдағы жетістіктерім» атты қорытынды рефлексия жұмысы өткізілді.
19
мамыр
2026
✨ 4-сынып оқушыларымен «5-сыныпқа қадам: жаңа белестер» тақырыбында
        Іс-шара барысында оқушылар орта буынға ауысу кезеңіне психологиялық тұрғыда дайындалып, жаңа ортаға бейімделуге қатысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқу жылы ішіндегі жетістіктерін саралап, өздерінің алға қойған мақсаттары мен жеткен нәтижелеріне шолу жасады. 💭✨        Мұндай жұмыстар оқушылардың алаңдаушылығын төмендетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және жеке жетістіктерін бағалай білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 🌱🤝              
Құттықтаймыз!!! 🎉
18
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы Оралбек Дінмұхаммед Ахметұлы Халықаралық «Әл-Фараби – 2026» олимпиадасының құқық негіздері пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып 100% грант иегері атанды. Білімің мен талантың ел игілігіне қызмет етіп, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз!!!
✨ 8–10 сынып оқушыларымен «Өзіне деген сенімділікті дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
18
мамыр
2026
✨ 8–10 сынып оқушыларымен «Өзіне деген сенімділікті дамытуға арналған
    Тренинг барысында оқушылар түрлі жаттығулар арқылы қиын жағдайларда өзін сенімді ұстау, өз ойын ашық жеткізу, өз ұстанымын қорғай білу дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді. 💭🤝 Мұндай тренингтер жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттырып, өзіндік бағасын көтеруге және өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді. 🌱✨                    https://www.instagram.com/reel/DYgmdi-twec/?igsh=cGJjOHlnaWZ6MHdv
Құттықтаймыз!!! 🎉
18
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 11 сынып оқушысы Жанказы Айсана Ерланқызы Халықаралық «Әл-Фараби – 2026» олимпиадасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ дәрежелі   дипломмен марапатталып 100% грант иегері атанды. Білімің мен талантың ел игілігіне қызмет етіп, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беруіңе тілектеспіз!!!
Гимназияның биылғы түлек-қыздары Мұхтар Шахановтың құрметіне “Ақ бантик” әнін орындады.
18
мамыр
2026
Гимназияның биылғы түлек-қыздары Мұхтар Шахановтың құрметіне “Ақ
     Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, халық ақыны Мұхтар Шахановтың дүниеден өткеніне де біраз күн болды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын көзі тірісінде көптеген әнге сөз жазып, олар халықтың сүйікті туындыларына айналып, оның қаламынан туған өлеңдерге жазылған әндер қазақ эстрадасының алтын қорына енді. Солардың бірі – талай буынның жүрегінен орын алған «Ақ бантик» әні. Бұл ән биылғы мектеп бітірушілердің трендіне айналды.  
Құттықтаймыз!!! 🎉
18
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
        №12 мамандандырылған гимназияның 3-сынып оқушылары: Ворошилова Айару, Болатұлы Бейбарыс, Әбжал Ақнұр, Әлібек Мәуіті, Болатбек Аяла, Кенжебек Санжар, Дәулет Омар, Айдынұлы Есіл, Маулитбек Ханкелді математика пәні бойынша "Зерделі ұрпақ" олимпиадасының облыстық кезеңінен 2-орынға ие болды!     Жетістіктерімен құттықтап, жас дарындарға шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!!!
Құттықтаймыз!!! 🎉
16
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
      №12 мамандандырылған гимназияның «Назқоңыр» домбырашылар ансамблі мен  «Ақжелкен» балалар хоры бас жүлдеге ие болып, Қытай еліне жолдама алды.         Жас дарындарға шығармашылық табыс, толайғай жетістіктер тілейміз!!!
14 мамыр күні сағат 11:00-де жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізілді.
14
мамыр
2026
14 мамыр күні сағат 11:00-де жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізілді.
     Жаттығу барысында білім алушылар мен педагог қызметкерлерге жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі пысықталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру.       Жаттығу ұйымдасқан түрде өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты.                   https://www.instagram.com/reel/DYUIcSPsptd/?igsh=MTI0MjUweXF5b2M1dw==