Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылар көктемгі демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуде!
25
наурыз
2026
Оқушылар көктемгі демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуде!
Көктемгі демалыс күндері оқушыларымыз уақыттарын тиімді пайдаланып, сергек көңіл-күйде демалуда  Бірі кітап оқып, білімін толықтыруда.  Бірі спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуда. Бірі отбасымен бірге уақыт өткізіп, жылы естеліктер жинауда.  Демалыс – тек тынығу ғана емес, өз-өзіңді дамытуға мүмкіндік екені анық! Барша оқушыларға демалыстың әр сәті қуаныш пен шабыт сыйласын!                   ​https://www.instagram.com/reel/DWV6n0VFVaT/?igsh=MWE2MGpwenBianR3MA==​​​
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған «Домбыра үні» балалар флешмобына белсене қатысты.
17
наурыз
2026
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған «Домбыра үні» балалар флешмобына белсене қатысты. 🎵 11 500 оқушының қатарында өнер көрсеткен шәкірттеріміз 🎵 қазақтың киелі домбырасының үнін асқақтатып, 🎵 ұлттық өнерге деген құрметін көрсетті. Бұл ауқымды шара нәтижесінде қатысушылар Қазақстан рекордтар кітабына енді! 🌿 Домбыра – халқымыздың рухы, 🌿 ұлттық мұрамыздың мәңгілік үні.
“Денсаулық – басты байлық”
13
наурыз
2026
“Денсаулық – басты байлық”
    №1 қалалық емхананың дәрігерлері жоспар бойынша мектебіміздің 8, 10 және 12 жастағы оқушыларын медициналық тексеруден өткізуде.     Тексеру барысында оқушыларды әртүрлі сала мамандары қарауда. Атап айтқанда: окулист, ЛОР дәрігері, невропатолог, стоматолог, психолог, педиатр және хирург мамандары оқушылардың денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті кеңестер беруде.      Жоспарлы медициналық тексеру балалардың денсаулығын бақылауға, аурулардың алдын алуға және денсаулықтағы өзгерістерді дер
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
12
наурыз
2026
📌 «Заң және жасөспірім: жауапкершілік пен тәртіп»
Мектебімізде оқушыларға хулигандық әрекеттер мен «закладка» мәселесінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және тәртіптің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Басты мақсат – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағыт беру.
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
11
наурыз
2026
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның оқушылары 💫 Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде тамаша нәтиже көрсетті! 🔬 Жаратылыстану-математика бағыты бойынша: 🥇 Мырзатай Мерей 🥇 Амир Алихан (қоршаған орта және адам денсаулығы секциясы, жетекшісі Мұрат Майра) 🥈 Ашен Жансая 🥈 Шакирбек Жеңіс (информатика секциясы, жетекшісі Үмбеталиева Жазира) 🥉 Құдайберген Нұрсағат 🥉 Жармұхан Таңшолпан (қолданбалы математика секциясы, жетекшісі Аубакирова Айгүл)
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
04
наурыз
2026
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия мектебінде 8-сынып оқушылары арасында «Көктем Аруы – 2026» байқауы өтті. Аруларымыз өз өнерлерін, тапқырлықтары мен білімдерін бірнеше кезең бойынша сынап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерінің жан-жақтылығын дәлелдеді. Байқау барысында қыздарымыздың сахна мәдениеті, әсемдігі мен парасаттылығы айқын көрініс
1 наурыз – Алғыс айту күні 🤍
01
наурыз
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні 🤍
Бұл мереке – бірлік пен өзара құрметтің, ризашылық пен мейірімнің белгісі. Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия ұжымы осы айтулы күні барша ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға және серіктестерге шынайы алғысын білдіреді. Ынтымақ пен бірлігіміз нығая берсін! Әр шаңыраққа амандық пен береке тілейміз.
1 наурыз – Алғыс айту күні 🤍
01
наурыз
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні 🤍
Алғыс айту – ізгіліктің бастауы, тәрбиенің негізі. Білім мен тәрбие жолында бірге еңбек етіп жүрген барша ұстаздар мен ата-аналарға, ізденімпаз оқушыларымызға алғыс айтамыз. Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия үшін ең үлкен құндылық – өзара сыйластық пен қолдау. Берекелі бірлігіміз арта берсін!
Аптаның әр жұмасы – Ұлттық киім күні!
27
ақпан
2026
Аптаның әр жұмасы – Ұлттық киім күні!
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында гимназиямызда әр жұма күні оқушыларымыз ұлттық нақыштағы киіммен келеді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары бұл дәстүрді ерекше ықыласпен қолдап, қазақы ою-өрнек пен ұлттық болмысты насихаттап жүр. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, гимназиямызда ұлттық тәрбие бастауыш буыннан бастап жүйелі түрде қалыптастырылады. Өскелең ұрпақтың бойына салт-дәстүрге құрмет, ұлттық рух пен мәдени мұраны қастерлеу қасиеттері сіңірілуде. Ұлттық киім – ұлт айнасы. Ұлт рухы –
“Ана – өмірдің гүлі” байқауының аудандық кезеңі өтті
25
ақпан
2026
“Ана – өмірдің гүлі” байқауының аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 26 ақпанда №12 мамандандырылған гимназияда “Ана – өмірдің гүлі” қалалық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқау 1–4, 5–8 және 9–11 сыныптар арасында өтті. Қатысушылар аналарға арналған әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті