Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Құттықтаймыз!!! 🎉
10
маусым
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
      №12 мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы Өтегенова Алтынай Мекенқызы «Қазақстан – Өзбекстан: Егіз халықтың егіз жүрегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жоғары білімділігі мен ғылыми ізденісі үшін ІІ дәрежелі диплом жүлдегері атанды.      Жетістігімен құттықтап, жас дарынға шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!!!
🏆 №12 мамандандырылған гимназия — Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарында!
08
маусым
2026
🏆 №12 мамандандырылған гимназия — Қазақстанның үздік 100 олимпиадалық
 ✨ 2025–2026 оқу жылының республикалық олимпиада қорытындысы бойынша №12 мамандандырылған гимназия Қазақстанның ең үздік 100 олимпиадалық мектебінің рейтингіне енді!     Бұл жетістік – білімге құштар оқушыларымыздың табандылығының, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының жемісі. https://www.instagram.com/p/DZUE3PuIm2y/?igsh=MXViZmxjbXRtODI0cg==
«Құрмет» орденімен марапатталды
04
маусым
2026
«Құрмет» орденімен марапатталды
Құрметті Ұлтуаш Мыңболсынқызы! Сізді Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жоғары марапат – шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбектің, кәсіби шеберліктің, адал қызмет пен ізденістің жарқын жемісі. Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз, парасаттылығыңыз бен жауапкершілігіңіз көптеген шәкірттер мен әріптестерге үлгі болып келеді. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер
Құттықтаймыз!!! 🎉
21
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
        Тарих пәні мұғалімі Ауылбай Нұржан «ЖИ көмегімен оқыту және академиялық адалдық: тепе-теңдікті қалай сақтаймыз?» тақырыбындағы кәсіби пікірталаста өз тәжірибеммен бөлісіп, “Үздік шешім номинациясы” бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.          Әріптесімізге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!!!
Құттықтаймыз!!! 🎉
21
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
    BilimClass ұйымдастыруымен өткен «Қаржылық сауат бойынша сынып сағаты» байқауының жеңімпазы — Абдилдаева Шырайлым Ардаковна, жоғары кәсібилігі мен шығармашылық ізденісінің арқасында 250 000 ₸ сертификатына ие болды!.  Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!!!  
Құттықтаймыз!!! 🎉
18
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
    №12 мамандандырылған гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі – Сабырбекова Сажида Мухаметказиновна, Алматы қаласы Білім басқармасы әдістемелік орталықтың қолдауымен ұйымдастырылған «Оқуға құштар педагог 2026» атты ауқымды қалалық байқауда жеңімпазы атанды.          Әріптесімізге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!! ​https://www.instagram.com/p/DYZJf_Iv7gM/?igsh=cXdnc3l1a3dvaDhp​​​
Құттықтаймыз!!! 🎉
06
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
       Құрметті, №12 мамандандырылған гиманазияның ер азаматтарын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!         Бұл - ар - намыс, батырлық  пен ерлік, қадір- қасиеттің мерекесі. Елі мен отбасының тыныштығын, амандығын ойлайтын, жауапкершілік пен сенімділікті серік еткен ер азаматтардың мерекесі!        Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!!! 
Құттықтаймыз!!! 🎉
06
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
     №12 мамандандырылған гимназияның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сембаев Берик Ансаганович ұстаздар арасында өткен Республикалық турнирде 2-орынға ие болды.     Ұжым болып Берик Ансаганович атаулы жеңістерімен құттықтаймыз!!!  
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
24
сәуір
2026
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
     "Үздік информатика пәні мұғалімі" олимпиадасының қорытындысы бойынша мектебіміздің ұстазы Азат Гүлнұр жүлделі ІІІ орын иеленді 👏      Бұл – кәсіби шеберлік пен үздіксіз еңбектің айқын нәтижесі. Мұғаліміміздің жетістігі – білім сапасының жоғары деңгейде екенінің дәлелі.      Азат Гүлнұрға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және биік белестер тілейміз! 🌟
🎉Құттықтаймыз!!! 🎉
24
сәуір
2026
🎉Құттықтаймыз!!! 🎉
       Миразова Аягүл Төреқызының атындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған ІІ қалалық олимпиаданың аудандық кезеңінде гимназияның математика пәні мұғалімі Әмзеев Таңат Мұратұлы 1-орын иегері атанды.