Құттықтаймыз!!!🎉
Гимназиямыздың тарих пәні мұғалімі Ауылбай Нұржан «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатысып, жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды 🏆 Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденісінің жарқын дәлелі. Осындай биік белестер гимназиямыздың білім сапасын арттырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде үлкен серпін береді.