20
сәуір
2026
Құттықтаймыз!!!🎉
Гимназиямыздың музыка пәні мұғалімі Әбілқасымов Айдар Мұратбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл жоғары марапат ұстазымыздың ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мәдени мұраны насихаттауға және қоғамдық маңызды шараларға белсенді қатысуына берілген лайықты баға болып табылады. Атап айтқанда, «Күй күмбірі» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.
Әріптесіміздің бұл жетістігі – кәсібилік пен табандылықтың, елге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі. Айдар Мұратбекұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!