Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🎉 Сүйінші хабар!!! 🎉
23
сәуір
2026
🎉 Сүйінші хабар!!! 🎉
9 Ә сынып оқушысы Әділбек Аружан Шымкент қаласында өтіп жатқан жалпы пәндер бойынша Республикалық олимпиадада орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1 орын иеленді! 🥇 Жетістігің құтты болсын, Аружан! Біз сенімен мақтанамыз! 👏 Пән мұғалімі: Нусупбекова Айжан Сейсеналиевнаға алғыс білдіреміз 💐 Осындай шәкірт тәрбиелеген еңбегіңіз ерен!                 https://www.instagram.com/p/DXgpU9UDZn_/?igsh=MWZxanRmZ3NyOGFxOQ==
🏆 7–8 сынып оқушыларының пән олимпиадасының қалалық кезең қорытындысы
21
сәуір
2026
🏆 7–8 сынып оқушыларының пән олимпиадасының қалалық кезең қорытындысы
Білім додасында гимназиямыздың оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды 👏 🥈 Маратқызы Алия (8-сынып) — 2 орын, ағылшын тілі  Жетекшісі: Ж.Ж. Тоқашбекова  🥈 Атаубаева Айгерим (7-сынып) — 2 орын, орыс тілі мен әдебиеті  Жетекшісі: А.Т. Ахметжанова  🥉 Калимова Алина (8-сынып) — 3 орын, география  Жетекшісі: Ғ.А. Науанова  🥉 Қанат Амина (7-сынып) — 3 орын, қазақ тілі мен әдебиеті  Жетекшісі: Д.М. Сұлтанбек  🥉 Нұрмұхамед Аруна (8-сынып) — 3 орын, қазақ тілі мен әдебиеті 
Құттықтаймыз!!!🎉
20
сәуір
2026
Құттықтаймыз!!!🎉
      Гимназиямыздың музыка пәні мұғалімі Әбілқасымов Айдар Мұратбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.      Бұл жоғары марапат ұстазымыздың ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мәдени мұраны насихаттауға және қоғамдық маңызды шараларға белсенді қатысуына берілген лайықты баға болып табылады. Атап айтқанда, «Күй күмбірі» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.      Әріптесіміздің бұл жетістігі – кәсібилік пен
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
03
сәуір
2026
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
    Гимназиямыздың математика пәні мұғалімі  Аубакирова Айгүл Даулетхановна кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін жоғары деңгейде дәлелдеп, қалалық «Педагогикалық олимпиада» байқауында І орын иеленді.     Аталған байқау педагогтердің заманауи әдістемелік тәжірибесін дамыту, озық іс-тәжірибелерді насихаттау және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.     Айгүл Даулетхановнаның бұл жетістігі – табандылық пен еңбектің, үздіксіз ізденістің айқын нәтижесі. Әріптесімізге
🌍✨ Халықаралық жеңіс! ✨🌍
28
наурыз
2026
🌍✨ Халықаралық жеңіс! ✨🌍
Тунис елінде өткен I-FEST² – International Festival of Engineering, Science and Technology халықаралық байқауында  Медеу ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 11-сынып оқушылары Амир Алихан мен Мырзатай Мерей 🥇 АЛТЫН МЕДАЛЬ иегері атанды! Жетекшісі: Мұрат Майра Мұратқызы Бұл байқау – әлемнің 40-тан астам елінен жиналған жас ғалымдар мен өнертапқыштардың басын қосқан ірі ғылыми алаң. Қатысушылар өз жобаларын қорғап, инновациялық идеяларын халықаралық сарапшылар алдында
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
11
наурыз
2026
🏆 Ғылыми жоба сайысында үлкен жетістік!
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның оқушылары 💫 Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде тамаша нәтиже көрсетті! 🔬 Жаратылыстану-математика бағыты бойынша: 🥇 Мырзатай Мерей 🥇 Амир Алихан (қоршаған орта және адам денсаулығы секциясы, жетекшісі Мұрат Майра) 🥈 Ашен Жансая 🥈 Шакирбек Жеңіс (информатика секциясы, жетекшісі Үмбеталиева Жазира) 🥉 Құдайберген Нұрсағат 🥉 Жармұхан Таңшолпан (қолданбалы математика секциясы, жетекшісі Аубакирова Айгүл)
Құттықтаймыз!!!🎉
11
наурыз
2026
Құттықтаймыз!!!🎉
     "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" республикалық олимпиадасының  II дәрежелі дипломмен Тұрғанбек Жазира Манарбекқызы марапатталды 🏆       Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен үздіксіз ізденістің нәтижесі. Ұстазымыз өз ісіне деген жауапкершілігі мен шығармашылығы арқылы білім беру сапасын арттыруға үлкен үлес қосып келеді.  
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
25
ақпан
2026
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
    Гимназиямыздың  тарих пәні мұғалімі  Абдашимов Дидар Қуанышұлы Алматы қаласы білім беру ұйымдарының  арасында өткен «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбындағы VIII қалалық педагогикалық оқуларда жүлделі II орын иеленді 🏆     Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Әріптесімізге толағай табыс, жаңа белестер мен шабыт тілейміз!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
13
ақпан
2026
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Алматы қаласында өткен ашық халықаралық JB Boxing турнирінде 4-сынып оқушысы Бүйтек Мұхамед Али жүлделі І орын иеленіп, чемпиондық белдікке қол жеткізді!  Бұл – жас спортшымыздың табандылығы мен еңбекқорлығының айқын дәлелі. Осындай жас чемпиондар – еліміздің мақтанышы!
Семей қаласында өткен “Jas Talant” республикалық конкурсында Гран-при иегері
03
ақпан
2026
Семей қаласында өткен “Jas Talant” республикалық конкурсында Гран-при
Семей қаласында өткен “Jas Talant” республикалық конкурсында 7–35 жас аралығындағы 87 қатысушының ішінен тек 1 Гран-при иегері анықталды. Сол Гран-при (500 000 тг) гимназиямыздың оқушысы Қанапия Омарға бұйырды!  Бұл — таланттың, еңбектің, табандылықтың нақты дәлелі.  Құттықтаймыз!