Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы лагерьде «Қауіпсіз демалыс» челленджі аясында «Біз қауіпсіз әрі бақытты балалық шақты қалаймыз!» атты сурет байқауы өтті.
01
маусым
2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы
     Байқау барысында балалар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін танытып, жазғы демалысты қауіпсіз өткізу, достық, бейбітшілік пен бақытты балалық шақ тақырыптарын сурет арқылы бейнеледі. Балалардың жарқын күлкісі мен шығармашылыққа толы мерекелік көңіл-күйі іс-шараның басты көркіне айналды.  ​https://www.instagram.com/reel/DZCiFu2NFrO/?igsh=ZmJpNDJrdWlocXNv​​​
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31
мамыр
2026
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
     Бүгін - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады.     Құрметті отандастар, біз жыл сайын 31 мамыр күні өткен ғасырдың бірніші жартысында саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған адамдардың рухына тағзым етеміз. Оларды жадымызда сақтау, заңдылық қағидаты мен әділдік құндылықтарына адал болу - біздің қастерлі борышымыз.
Жарты ғасырлық сағыныш пен мақтаныш!
26
мамыр
2026
Жарты ғасырлық сағыныш пен мақтаныш!
            Арада 50 жыл салып, 1976 жылғы мектеп бітірген ардақты түлектер өздерінің алтын ұя —  «Ақ кеме» білім ордасына арнайы келіп, ерекше құрметтерін көрсетті. Жарты ғасыр уақыт өтсе де, олардың қара шаңыраққа деген сағыныштары мен ыстық ықыластары еш өшпеген.  Шәкірттерінің бойына бар махаббаты мен білімін аямаған ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Оқу ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі әрі осы түлектердің сынып жетекшісі Нұғманова Дәмелі апайымызға және ел
Қайырымдылық — қамқорлықтан басталады!
25
мамыр
2026
Қайырымдылық — қамқорлықтан басталады!
  «Білімім – Отаныма!» сынып сағаты аясындағы игі бастама  25 мамыр — соңғы қоңырау мерекесі аясында гимназиямызда «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.    Сынып сағаттарында оқушылар оқу жылы бойынша жетістіктерін саралап, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, елге қызмет ету мен Отанға адал болу құндылықтары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар гимназиямыздың түлегі Сұрағанов Батырхан Ғалымжанұлы “Аман” гуманитарлық қоры атынан 1-сынып оқушыларына арнайы сыйлықтар табыстады.
Мейірім мен жауапкершілікті басты құндылық еткен Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының 141 түлегі мектеппен қоштасар сәтте ерекше үлгі көрсетті.
25
мамыр
2026
Мейірім мен жауапкершілікті басты құндылық еткен Ш.Уәлиханов атындағы
   Мейірім мен жауапкершілікті басты құндылық еткен Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясының 141 түлегі мектеппен қоштасар сәтте ерекше үлгі көрсетті.    Биылғы түлектер ысырапшылдыққа жол бермей, игі істі таңдады. Олар қамқорлық пен жанашырлықты ту етіп, Алматы қаласы №2 балалар үйі аумағын көгалдандыру жұмысына өз үлестерін қосты. Түлектер еккен әрбір тал — болашаққа деген сенімнің, жүректегі мейірімнің және қоғамға деген жанашырлықтың белгісі. Бұл бастама — жас ұрпақтың тек
✨ Мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған, ерекше әсерге толы «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші өтті.
25
мамыр
2026
✨ Мектебімізде жүрекке жылу сыйлаған, ерекше әсерге толы «Соңғы
        Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында ұйымдастырылған «Білімім – Отаныма!» атты мерекелік шара — шәкірттердің балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жарқын сәттерінің бірі болды.             Салтанатты жиынға арнайы қонақтар қатысып, түлектерге ақжарма тілектерін арнады: 🔹 Мектебіміздің түлегі, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі — Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин 🔹 Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары — Айдос Асқарұлы Нұрлыбаев 🔹 Алматы қаласы Медеу
2025–2026 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Осыған орай барлық мектептерде «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаты өткізіледі.
25
мамыр
2026
2025–2026 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Осыған орай барлық
      Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларды патриотизмге, бірлікке, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, заң мен тәртіпті сақтауға баулу және Халықтық Конституцияның маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында:     •    қауіпсіздік ережелері;     •    «Таза Қазақстан» бастамасы;     •    жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру;     •    еңбек пен білімнің маңызы;    •    үлкенге құрмет, кішіге ізет;     •    жазда оқуға ұсынылатын кітаптар мен фильмдер туралы айтылуы ұсынылады. Сынып сағаттары
Құттықтаймыз!!! 🎉
22
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
     №12 мамандандырылған гимназия оқушысы Дүйсен Нұрасыл  "Тоғызқұмалақ федерация Кубогіне" арналған республикалық IV ашық турнирде 13 жас ұлдар арасын 3-орынға ие болды.     Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!!!
Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады.
22
мамыр
2026
Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп
Алматыда мектеп түлектерінің қауіпті «кортеждерінен» бас тартуға шақырды Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті. «Жыл сайын мерекелік іс-шаралардың бақылаудан шығып кететін жағдайларымен бетпе-бет келеміз. Әсіресе коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ автокөліктермен қауіпті
“Заң мен Тәртіп” бағдарламасы аясында Медеу ауданы мектептерінде құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
21
мамыр
2026
“Заң мен Тәртіп” бағдарламасы аясында Медеу ауданы мектептерінде
      Іс-шара барысында жолда жүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам талаптарын сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. ​https://www.instagram.com/reel/DYl11p1N0D_/?igsh=YW1rcXFqeGhkZXoy​​​