Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2026 года » Страница 2
✨ «Дарын және нәтиже: оқушы жетістігінің көрінісі»
26
наурыз
2026
✨ «Дарын және нәтиже: оқушы жетістігінің көрінісі»
Ғылыми жоба байқауының жүлдегерлерімен өткен дөңгелек үстел – білім мен ізденістің, табандылық пен шығармашылықтың жарқын көрінісі болды. Кездесу барысында оқушылар өз жобаларын таныстырып, жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір жетістік – үлкен еңбектің нәтижесі екені тағы бір мәрте дәлелденді. 💡 Дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығы мен ізденісі – болашаққа бастар сенімді қадам. 👏 Жүлдегер оқушыларымызды мақтан тұтамыз және алдағы уақытта жаңа белестерді
Оқушылар көктемгі демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуде!
25
наурыз
2026
Оқушылар көктемгі демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуде!
Көктемгі демалыс күндері оқушыларымыз уақыттарын тиімді пайдаланып, сергек көңіл-күйде демалуда  Бірі кітап оқып, білімін толықтыруда.  Бірі спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуда. Бірі отбасымен бірге уақыт өткізіп, жылы естеліктер жинауда.  Демалыс – тек тынығу ғана емес, өз-өзіңді дамытуға мүмкіндік екені анық! Барша оқушыларға демалыстың әр сәті қуаныш пен шабыт сыйласын!                   ​https://www.instagram.com/reel/DWV6n0VFVaT/?igsh=MWE2MGpwenBianR3MA==​​​
Наурызнама онкүндігі аясында гимназиямызда ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тоғызқұмалақ ойыны өтті.
19
наурыз
2026
Наурызнама онкүндігі аясында гимназиямызда ұлттық құндылықтарды
 Іс-шара AMANAT партиясының ұйымдастыруымен өткізілді. Оған Медеу аудандық филиалының төрағасы Медеуов Ержан Даулетжанұлы және консультант Бегділдаев Ерзат Серікұлы арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Тоғызқұмалақ арқылы олар сабыр мен тапқырлықтың маңызын сезіне білді. Осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтеді.  ​
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған «Домбыра үні» балалар флешмобына белсене қатысты.
17
наурыз
2026
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектебіміздің оқушылары Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған «Домбыра үні» балалар флешмобына белсене қатысты. 🎵 11 500 оқушының қатарында өнер көрсеткен шәкірттеріміз 🎵 қазақтың киелі домбырасының үнін асқақтатып, 🎵 ұлттық өнерге деген құрметін көрсетті. Бұл ауқымды шара нәтижесінде қатысушылар Қазақстан рекордтар кітабына енді! 🌿 Домбыра – халқымыздың рухы, 🌿 ұлттық мұрамыздың мәңгілік үні.
«Медеу Пұсырманұлы – ел тарихындағы қайырымды тұлға»
16
наурыз
2026
«Медеу Пұсырманұлы – ел тарихындағы қайырымды тұлға»
    Гимназиямызда тарихи тұлға, белгілі меценат Медеу Пұсырманұлының өнегелі өміріне арналған «Медеу Пұсырманұлы – ел тарихындағы қайырымды тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 9-10 сынып оқушылары қатысып, тарихи танымдарын кеңейтті. Кездесу барысында мынадай негізгі тақырыптар қамтылды: Тұлға тарихы: Медеу Пұсырманұлының туған жері, өскен ортасы және оның қазақ тарихындағы алар орны. Игі істер: Меценаттың ел игілігі үшін жасаған қайырымдылық жұмыстары, ағартушылық саласына қосқан үлесі
“Денсаулық – басты байлық”
13
наурыз
2026
“Денсаулық – басты байлық”
    №1 қалалық емхананың дәрігерлері жоспар бойынша мектебіміздің 8, 10 және 12 жастағы оқушыларын медициналық тексеруден өткізуде.     Тексеру барысында оқушыларды әртүрлі сала мамандары қарауда. Атап айтқанда: окулист, ЛОР дәрігері, невропатолог, стоматолог, психолог, педиатр және хирург мамандары оқушылардың денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті кеңестер беруде.      Жоспарлы медициналық тексеру балалардың денсаулығын бақылауға, аурулардың алдын алуға және денсаулықтағы өзгерістерді дер