Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2026 года
«Суды үнемде – болашақты сақта»
30
сәуір
2026
«Суды үнемде – болашақты сақта»
    2026 жылғы 30 сәуір күні мектептер мен колледждерге арналған республикалық деңгейдегі эко-сағат өткізілді.     Іс-шараның басты мақсаты – су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.      Эко-сағат YouTube платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылып, еліміздің мектептері мен колледждері белсенді түрде қатысты.      Шара барысында су үнемдеудің маңызы, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бағыттары
Мектеп мақтанышы
29
сәуір
2026
Мектеп мақтанышы
    №12 мамандандырылған гимназияның 4-сынып оқушысы Дүйсен Нұрасыл Көкшетау қаласында өткен Республикалық тоғызқұмалақ олимпиадасында ІІ-орын иегері атанып мектебіміздің мәртебесін көтерді. Жарқын және лайықты жеңістер тілейміз!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай гимназиямызда 8-сынып оқушыларына КГКП «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» мәдени бағдарламалар және бұқаралық іс-шаралар бөлімі әдіскері Мамирбаева Аида сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды.
29
сәуір
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай гимназиямызда
       Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері мен құндылықтары туралы мағлұмат алып, бірлік пен достықтың маңызын терең түсінді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-біріне құрметпен қарап, татулық пен келісімнің қадірін ұғынды. Шара оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, көпұлтты қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Бірлік бар жерде – тірлік бар!                  
"Зерделі ұрпақ" олимпиадасы.
28
сәуір
2026
"Зерделі ұрпақ" олимпиадасы.
      3 сыныптар арасында математика пәні бойынша өтті.Медеу ауданы бойынша аудандық кезеңде N12 мамандандырылған гимназияның 3 сынып оқушыларынан құралған команда 1орын иеленді. Олимпиадаға қатысқан оқушылар: 1.Ворошилова Айару-3 "А" 2.Болатұлы Бейбарыс-3 "А" 3.Әбжал Ақнұр-3 "А" 4.Әлібек Мәуіті-3 "А" 5.Болатбек Аяла-3"Г" 6.Кенжебек Санжар-3"Г" 7.Дәулет Омар-3 "Г" 8.Айдынұлы Есіл-3"Г" 9.Маулитбек Ханкелді-3 "Ә" Жауапты мұғалімдер : 3"А" сынып мұғалімі Буранбаева Гаухар Абдикаримова  3"Г"сынып
Әскери-патриоттық тәрбие – ел болашағының кепілі!
28
сәуір
2026
Әскери-патриоттық тәрбие – ел болашағының кепілі!
  2025–2026 оқу жылы аясында 10-сынып оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбие бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілді.    Оқушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсуге бағытталған үгіт-насихат сағаттары ұйымдастырылып, еліміздің жетекші әскери оқу орындары таныстырылды: 🔹 Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 🔹 Сағдат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты    Аталған ақпараттарды алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі К. Әуезов таныстырып, жан-жақты
Алматы музейінде «Жаңа Конституция – жаңа кезең» атты танымдық кездесу ұйымдастырылды, кездесуге гимназиямыздың 6-сынып оқушылары қатысты.
27
сәуір
2026
Алматы музейінде «Жаңа Конституция – жаңа кезең» атты танымдық
    Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті арттыру болды.  Кездесу барысында еліміздің конституциялық дамуы, құқықтық мемлекет құру жолындағы негізгі бағыттар мен өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Спикер Қанат Насырұлы Алихан оқушылармен еркін форматта пікір алмасып, мазмұнды ақпараттармен бөлісті.      Оқушылар үшін бұл кездесу танымдық әрі пайдалы болып, құқықтық