Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 29.04.2026
Мектеп мақтанышы
29
сәуір
2026
Мектеп мақтанышы
    №12 мамандандырылған гимназияның 4-сынып оқушысы Дүйсен Нұрасыл Көкшетау қаласында өткен Республикалық тоғызқұмалақ олимпиадасында ІІ-орын иегері атанып мектебіміздің мәртебесін көтерді. Жарқын және лайықты жеңістер тілейміз!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай гимназиямызда 8-сынып оқушыларына КГКП «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» мәдени бағдарламалар және бұқаралық іс-шаралар бөлімі әдіскері Мамирбаева Аида сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды.
29
сәуір
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай гимназиямызда
       Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері мен құндылықтары туралы мағлұмат алып, бірлік пен достықтың маңызын терең түсінді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-біріне құрметпен қарап, татулық пен келісімнің қадірін ұғынды. Шара оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, көпұлтты қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Бірлік бар жерде – тірлік бар!