«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жауапкершілік
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жауапкершілік ұрпағы” жобасының аудандық кезеңі өтті. Іс-шара барысында оқушылар құқықтық сауаттылық, қауіпсіздік мәдениеті, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарын шығармашылық тұрғыда ашып көрсетті. Қатысушылар өздерінің актерлік шеберлігін, командалық бірлігін және креативті ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.