Наурызнама онкүндігі аясында гимназиямызда ұлттық құндылықтарды
Іс-шара AMANAT партиясының ұйымдастыруымен өткізілді. Оған Медеу аудандық филиалының төрағасы Медеуов Ержан Даулетжанұлы және консультант Бегділдаев Ерзат Серікұлы арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Тоғызқұмалақ арқылы олар сабыр мен тапқырлықтың маңызын сезіне білді. Осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтеді.