Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2026 года
Аптаның әр жұмасы – Ұлттық киім күні!
27
ақпан
2026
Аптаның әр жұмасы – Ұлттық киім күні!
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында гимназиямызда әр жұма күні оқушыларымыз ұлттық нақыштағы киіммен келеді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары бұл дәстүрді ерекше ықыласпен қолдап, қазақы ою-өрнек пен ұлттық болмысты насихаттап жүр. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, гимназиямызда ұлттық тәрбие бастауыш буыннан бастап жүйелі түрде қалыптастырылады. Өскелең ұрпақтың бойына салт-дәстүрге құрмет, ұлттық рух пен мәдени мұраны қастерлеу қасиеттері сіңірілуде. Ұлттық киім – ұлт айнасы. Ұлт рухы –
📍 Шеберлік сабағы: «Интерактивті география: Заманауи сабақ үлгісі»
26
ақпан
2026
📍 Шеберлік сабағы: «Интерактивті география: Заманауи сабақ үлгісі»
География пәні мұғалімі, педагог-шебер Алимбай Салтанат Серікбайқызы «Интерактивті география: Заманауи сабақ үлгісі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы барысында заманауи білім беру технологиялары мен интерактивті әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, цифрлық құралдардың сабақтағы мүмкіндіктері көрсетілді. Қатысушылар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған тапсырмалармен танысып, тәжірибелік жұмыстар арқылы жаңа әдістерді меңгерді. Іс-шара педагогтердің кәсіби
Танымдық іс-шара өтті
26
ақпан
2026
Танымдық іс-шара өтті
7«Ә» сынып оқушылары Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасына барып, «Таза экология» тақырыбындағы танымдық іс-шараға қатысты. Кездесу барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениет және табиғатты аялау туралы мағлұмат алды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз.
“Ана – өмірдің гүлі” байқауының аудандық кезеңі өтті
25
ақпан
2026
“Ана – өмірдің гүлі” байқауының аудандық кезеңі өтті
2026 жылғы 26 ақпанда №12 мамандандырылған гимназияда “Ана – өмірдің гүлі” қалалық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқау 1–4, 5–8 және 9–11 сыныптар арасында өтті. Қатысушылар аналарға арналған әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
25
ақпан
2026
🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
    Гимназиямыздың  тарих пәні мұғалімі  Абдашимов Дидар Қуанышұлы Алматы қаласы білім беру ұйымдарының  арасында өткен «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбындағы VIII қалалық педагогикалық оқуларда жүлделі II орын иеленді 🏆     Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Әріптесімізге толағай табыс, жаңа белестер мен шабыт тілейміз!