🎉 Құттықтаймыз!!! 🎉
Гимназиямыздың тарих пәні мұғалімі Абдашимов Дидар Қуанышұлы Алматы қаласы білім беру ұйымдарының арасында өткен «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбындағы VIII қалалық педагогикалық оқуларда жүлделі II орын иеленді 🏆 Бұл жетістік – кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Әріптесімізге толағай табыс, жаңа белестер мен шабыт тілейміз!