Гимназияда нысанды жаттығу өтті
Гимназиямызда өрт кезіндегі іс-әрекеттер бойынша нысанды жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында басшылық эвакуацияны жедел ұйымдастырып, қызметкерлер оқушыларды қауіпсіз аймаққа шығарды. Оқушылар сабыр сақтап, белгіленген тәртіпке сәйкес әрекет етті. Мақсат – төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі жылдам шешім қабылдауға дайындықты арттыру. Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!