Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қаңтар 2026 года
«Мектептік өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты аудандық байқау өтті.
29
қаңтар
2026
«Мектептік өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты аудандық
Бұл байқау – оқушылардың азаматтық белсенділігін, көшбасшылық қабілетін және әділ сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң. Өзін-өзі басқару – бұл тек ұйым емес, 🔹 жауапкершілік, 🔹 таңдау жасау, 🔹 пікір айту, 🔹 шешім қабылдауға қатысу мектебі. Қатысқан барлық мектеп командаларына алғысымыз шексіз! Ал үздік атанған команда аудан намысын келесі кезеңде қорғайды. Болашақ көшбасшылар – бүгінгі мектептен басталады!
Педагог-психологтары 7-сынып оқушыларына арналған ДосболLIKE бағдарламасы аясында «Эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренинг» өткізді.
26
қаңтар
2026
Педагог-психологтары 7-сынып оқушыларына арналған ДосболLIKE
Гимназияның педагог-психологтары 7-сынып оқушыларына арналған ДосболLIKE бағдарламасы аясында «Эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренинг» өткізді. Мақсаты: * Оқушылардың эмоционалды интеллектін дамыту; * Эмпатия мен өзара құрметті арттыру; * Өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау және тиімді қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Нәтижесінде: Тренинг нәтижесінде оқушылар эмоционалды интеллект туралы түсінік алды. Олар өз эмоцияларын тануды, сезімдерін дұрыс білдіруді және басқаруды
“Music Show” – 4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған көңілді әрі танымдық музыкалық жарыс өтті.
22
қаңтар
2026
“Music Show” – 4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған көңілді әрі
“Music Show” – 4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған көңілді әрі танымдық музыкалық жарыс. Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын музыка арқылы  арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және сахна мәдениетін қалыптастыру. Жарыс барысында қатысушылар ән айтып ,билеп, топтық тапсырмалар орындау арқылы өз өнерлерін көрсетті. “Music Show” оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға және өнерге деген сүйіспеншілікті күшейтуге ықпал етті.