Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-психологтары 7-сынып оқушыларына арналған ДосболLIKE бағдарламасы аясында «Эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренинг» өткізді.
26
қаңтар
2026

Педагог-психологтары 7-сынып оқушыларына арналған ДосболLIKE бағдарламасы аясында «Эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренинг» өткізді.

Гимназияның педагог-психологтары 7-сынып оқушыларына арналған ДосболLIKE бағдарламасы аясында «Эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған тренинг» өткізді. Мақсаты:
* Оқушылардың эмоционалды интеллектін дамыту;
* Эмпатия мен өзара құрметті арттыру;
* Өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау және тиімді қарым-қатынас орнату қабілеттерін қалыптастыру. Нәтижесінде: Тренинг нәтижесінде оқушылар эмоционалды интеллект туралы түсінік алды. Олар өз эмоцияларын тануды, сезімдерін дұрыс білдіруді және басқаруды үйренді. Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну, эмпатия таныту дағдылары қалыптасты. Оқушылар қиын жағдайларда сабыр сақтаудың, өз сезімін сөзбен жеткізудің және жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын түсінді. Өзара қолдау көрсету, тыңдай білу және құрметпен қарым-қатынас жасау дағдылары нығайды. Сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, сенімді орта құрылды. Оқушылар өз ойларын ашық айтуға, мұғалімдер мен ата-аналарға сенім артуға үйренді. Қарым-қатынас мәдениеті жақсарып, бір-бірін түсіну мен мейірімділік деңгейі артты. Эмоцияларды басқару бойынша алынған дағдылар күнделікті өмірде қолдануға бағытталды, оқушылар өз мінез-құлқын бақылауға бейімделе бастады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: