Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2025 года
«Өміріңді жарқын түстермен бояу» тақырыбында өткен арт-терапиялық жұмыс – оқушылардың ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін сурет арқылы білдіруге бағытталды.
24
желтоқсан
2025
«Өміріңді жарқын түстермен бояу» тақырыбында өткен арт-терапиялық
Адамның таңдаған әрбір түсі – оның ішкі әлемінің көрінісі. Психологияда түстер адамның эмоциялық жағдайын, көңіл күйін, тіпті ойлау ерекшелігін бейнелейді.     Арт-терапия – бұл тек сурет салу емес. Бұл – ем, бұл – тынығу, бұл – өзін танып-білу жолы.     Бұл шығармашылық жұмыс арқылы балалар өздерін еркін сезінді, ішкі эмоцияларын білдіріп, қиялын кеңейтіп, түстердің тілімен сөйлей алды.     🔵 Көк – тыныштық пен сенімділік  🟢 Жасыл – үйлесім мен үміт  🟡 Сары – қуаныш пен шабыт  🔴 Қызыл –
Психология – жан мен жүрек үндестігіне апарар жол
22
желтоқсан
2025
Психология – жан мен жүрек үндестігіне апарар жол
Гимназия қабырғасында ұйымдастырылған психология апталығы – оқушылардың, ата-аналар мен педагогтердің психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды әрі мазмұнды іс-шара. Апталық барысында: - эмоциялық тұрақтылық, - стресске төзімділік, - өз-өзіңді тану, - қарым-қатынас мәдениеті  сияқты өзекті бағыттар қамтылып, тренингтер, диагностикалық жұмыстар, сұхбаттар мен кеңестер өткізілді. Психолог – жан айнасы. Шынайы жанды тыңдай алатын, бағыт беріп, қолдау көрсете алатын тұлға – психолог. 
Әр баланың болашағы — бүгінгі дұрыс бағыт пен назарда.
19
желтоқсан
2025
Әр баланың болашағы — бүгінгі дұрыс бағыт пен назарда.
Гимназиямызда девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында “Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу” тақырыбында ағартушылық бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.  Жасөспірімдер арасында кең таралып жатқан лудомания, ББЗ (белгісіз заттарды қолдану), интернетке тәуелділік, әлеуметтік оқшаулану, нашақорлық сияқты келеңсіз құбылыстар — тек жеке адамның емес, қоғамның да мәселесі.  Педагог-психологтар мен тәрбие бағыты бойынша мамандардың бірлесуімен оқушыларға түсіндірме, психологиялық кеңес
✨ РУХАНИ КЕШ — ӨНЕР МЕН ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ ✨
18
желтоқсан
2025
✨ РУХАНИ КЕШ — ӨНЕР МЕН ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ ✨
Бүгінгі рухани кеш қазақ сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы Төлек Тілеухановтың, сондай-ақ саналы ғұмырын білім мен тәрбиенің сара жолына арнаған, қазақ мектебінің қара шаңырағына айналған №12 гимназияда ұзақ жылдар еңбек еткен, математика пәнінің мұғалімі Советғайша Халықованың еңбегіне арналды. 📚 Бұл игі шара жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, ұлттың сөз өнері мен ұстаз еңбегін ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.
📚 «Тәуелсіздік-ел мерейі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
15
желтоқсан
2025
📚 «Тәуелсіздік-ел мерейі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар жауапкершілік, тәртіп, өз ісіне жауап бере білу сияқты маңызды құндылықтар туралы ой бөлісті. 🛡 Қауіпсіздік сабағы (10 минут) Оқушылардың өмір қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда өзін дұрыс ұстау дағдылары түсіндірілді. 🤝 «КӨМЕК» жобасы (10 минут) Қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету, мейірімділік пен жанашырлық туралы түсінік берілді. 💬 Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE» (10 минут) Буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынас пен өзара сыйластықтың маңыздылығы
Тәуелсіздік күнімен!
15
желтоқсан
2025
Тәуелсіздік күнімен!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз білімді де елжанды болсын! ⸻ 🎖️ “Жас ұлан” және “Жас Қыран”  ұйымына қабылдау Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Оқушыларымыз патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында осы мәртебелі ұйымдардың қатарына қосылды. 🟩 “Жас Ұлан” — елге қызмет етуге дайын, білімді жас буынның символы 🟦 “Жас Қыран” — тәртіп,
«Қауіпсіз және жайлы мектеп ортасында адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу» тақырыбындағы қалалық ата-аналар жиналысы Zoom форматында өтті.
11
желтоқсан
2025
«Қауіпсіз және жайлы мектеп ортасында адалдық пен парасаттылықты
Алматы қаласы Білім басқармасының “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйыдастыруымен «Қауіпсіз және жайлы мектеп ортасында адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу» тақырыбындағы қалалық ата-аналар жиналысы Zoom форматында өтті. Жиынға мектептердің сынып төрайымдары қатысты. 1. Көмек бағдарламасы     •    Төтенше жағдайларда балалардың іс-әрекеті;        •    Жер сілкінісі болған жағдайда орындалатын амалдар;         •    Дабыл чемоданы туралы ақпарат;        
АПҚО жоспарына сәйкес ата-аналармен бірлескен жұмыс
09
желтоқсан
2025
АПҚО жоспарына сәйкес ата-аналармен бірлескен жұмыс
5 «Д» сыныбында “Балалар кітапханасы” тақырыбында тағылымды сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды кітапхана әлемімен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар кітапты дұрыс таңдау мен пайдалану ережелері, кітаптың білім берудегі маңызы туралы құнды ақпарат алды. Сынып сағатын 5 «Д» сыныбының ата-анасы Қоянбаева Асель Бахытовна өткізді. Іс-шара оқушылар үшін пайдалы әрі әсерлі өтті. 
📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
08
желтоқсан
2025
📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл жарыстың мақсаты – өз ісіне адал, шығармашыл, жаңашыл педагогтарды анықтап, қолдау көрсету. 🔹 Қатысушылар кәсіби шеберлігін танытып, әдістемелік дайындығын көрсетті. 🔹 Байқау барлық қатысушылар үшін тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен шабыттың алаңына айналды. Барлық ұстаздарға еңбегі мен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆🌟
5-«Г» сыныбымен «Көшпелілердің баспанасы – киіз үй» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
05
желтоқсан
2025
5-«Г» сыныбымен «Көшпелілердің баспанасы – киіз үй» тақырыбында ашық
5-«Г» сыныбымен «Көшпелілердің баспанасы – киіз үй» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға дәстүрлі қазақ қоғамындағы киіз үйдің құрылысы, оның мәдени-тарихи маңызы және көшпелі өмір салтындағы рөлі туралы түсінік беру. Сабақ барысында оқушылар 5 топқа бөлініп, әр топ өз тапсырмасы бойынша зерттеу жүргізіп, нәтижелерін қорғады: 1. 1-топ – киіз үйдің қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ) құрастырып, оның әр бөлігінің қызметін түсіндірді. 2. 2-топ – киіз үйдің киіз жабындысын