05
желтоқсан
2025
5-«Г» сыныбымен «Көшпелілердің баспанасы – киіз үй» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
5-«Г» сыныбымен «Көшпелілердің баспанасы – киіз үй» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға дәстүрлі қазақ қоғамындағы киіз үйдің құрылысы, оның мәдени-тарихи маңызы және көшпелі өмір салтындағы рөлі туралы түсінік беру.
Сабақ барысында оқушылар 5 топқа бөлініп, әр топ өз тапсырмасы бойынша зерттеу жүргізіп, нәтижелерін қорғады:
1. 1-топ – киіз үйдің қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ) құрастырып, оның әр бөлігінің қызметін түсіндірді.
2. 2-топ – киіз үйдің киіз жабындысын (туырлық, үзік, түндік) таныстырып, олардың дайындалу тәсілдері мен ерекшеліктерін көрсетті.
3. 3-топ – киіз үйдің ішкі құрылысы мен кеңістікті ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттады. Отаудың оң және сол жақ бөліктері, төр, ер-тұрман, кебеже, сандық сияқты бұйымдар туралы айтты.
4. 4-топ – киіз үй бөліктерін атап, қазақ халқының қонақ күту дәстүрі мен дастархан мәдениетіне шолу жасады.
5. 5-топ – «Өткен күн мен бүгінгінің сабақтастығы» тақырыбында киіз үйдің қазіргі туризмде, мерекелік шараларда және ұлттық мәдениеттегі маңызы жөнінде презентация жасады.
Екінші тапсырма кезеңінде оқушылар Венн диаграммасы арқылы киіз үй мен қазіргі тұрғын үйлердің ерекшеліктерін салыстырды. Бұл тәсіл оқушылардың талдау және салыстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Бекіту жұмысы ретінде «Wordwall» платформасы арқылы интерактивті тапсырмалар орындалып, оқушылар берілген сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап берді.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, топпен жұмыс істей отырып, көшпелілердің материалдық мәдениетін тереңірек түсінді. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.