22
қараша
2022
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінің 6-күні
Апталықтың 6-күні 22 қараша биология пәні мұғалімі Әбішева Гүлнұр Ерболқызының 9 а сыныбына «Бүйрек ауруларының алдын алу» тақырыбында өткізілген ашық сабақпен жалғасты. Сабақта ұстаз дидактикалық материалдарды ұтымды қолданған. Сынып "Нефрит" және "Энурез" болып екі топқа бөлінді. Оқушылар үй тапсырмасын "Quizizz" қосымшасы арқылы тест тапсырмасын орындады. Жаңа сабақты ашу барысында “Бүйрек ауруларының алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетті. Содан соң "дұрыс-бұрыс", "Иә немесе жоқ", "кесте толтыру" әдістерін пайдаланып жеке және жұптық жұмыс етіп деңгейлік тапсырмалар берді. Сабақтың соңын жинақтау барысында достарыңды салауатты өмір салтына қалай шақырар едің сауалында "жарнама жасау" тапсырмасы және "Зәр шығару жүйесі қауіптілігі" тақырыбында биологиялық эссені белсенді орындады. Сабақ соңында "Менің сөзім"кері байланысы алынып үй тапсырмасы берілді.
22.11.2022 ж физика пәні мұғалімі Айдарова Гульнар Танатовна "Физика - біздің болашағымыз!" атты ғылыми жобалар байқауын өткізді. Жобаның негізгі мақсаты - Оқушыларды адамгершілік, тәрбие мен білімділікке жетелей, озық тәжірибелерге, жаңаша ізденген сүйене отырып, қолдағы бар заттарды пайдалану арқылы әр баланың бойындағы қабілетін ашу, шамшырағын жағу. Жобаға балалардың өздерін қызықтырған тақырыптарды алып, зерттеп, макетін жасап, жан-жақты талдап, физикалық қасиеттерін ашып көрсете білді. Ғылыми жұмыспен шұғылдану сол сала бойынша тереңірек зерттеу жүргізіп, болашақ кәсібіне бағдар алуға қабілеттерін шыңдарға дағдыланатынын көрсете білді. Жас ғалымдарымыз Үлкен адрондық коллайдердің жұмыс істеу принципін, пайдасын, оң нәтиже берсе, болашақтың айнасы екендігін көрсете білді. Герон субұрқағы, СЭС, баламалы энергия көздерінің макетін қолдан жасап, физикалық қасиеттерін айқындады. Жоба барысында Ұлттық құндылықты да дәріптеді: Киіз үйдің құрылысы, Ұлттық ойындар физикасы на тоқталды.Қорытындылай келе: Осыдан келіп ой түйесің, осы біздің ата-бабамыз физик болған ау шамасы.