Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінің 5-күні
21
қараша
2022

"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік" атты жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінің 5-күні

   Биология пәнінің мұғалімі Жумадилова Назыгул Бексултанкызы 21  қараша күні 7 Б сыныбына "Тамыр аймақтары" тақырыбына ашық сабақ өткізді.
   Сабақтың басы, "Қайталау - білім анасы" айдары арқылы өткен тақырыптар kahoot бағдарламасында,  ойын форматында өткізілді. Жаңа сабақ "Сұрақ-жауап" әдісі арқылы ашылды.
   Сабақтың ортасында, "Ой түрткі" кезеңінде тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып тақырып ашыла түсті. Жаңа сабақты толықтай аша түсу мақсатында wordwall сайты қолданылды. Ұяшықтар таңдалынып оқушылардың қызығушылығы арта түсті. 
  Оқушылардан кері байланыс алу мақсатында Google drive сайты қолданылды. Бұл әдіс балалардың сабақты қаншалықты деңгейді  түсінгендерін анықтау мақсатындағы тиімді әдістердің бірі болды.
   География пәні мұғалімі Мұрат Майра Мұратқызы мұғалімдермен «Дарынды және талантты тұлғалардың бойында көшбасшылық құндылықтарды дамыту жолдары» атты коучинг өткізді. Коучинг-сессия  мақсаты: Әріптестермен дарынды және талантты тұлғалардың бойында көшбасшылық құндылықтарды дамыту жолдары туралы жан - жақты талдай отырып, оқушы бойындағы көшбасшылық қабілеттерін шыңдау. Коучинг кезеңдерінде адасқан әріптер әдісімен 3 топқа (талантты, дарынды, көшбасшы) топтарына бөлінді. Ой қозғау мақсатында және тақырыпты ашу үшін конвертте жасырылған қағаз қиындысы арқылы белгілі бір тұлғаның суретін құрастырып, сол дарынды және талантты тұлға туралы қысқаша түсінік берді.  Тақтада көрсетілген дарынды тұлға, талантты тұлға, көшбасшы құндылықтары туралы ашық сұрақтарға жауап беріп, өз идеяларын ортаға салды. Ұстаздарды бір сергіту үшін «Сіз қандай адамсыз?» деп аталатын психологиялық тест алынып, қорытындысы талданды.  Жәрмеңке кезеңінде  әр топ өз  атауларын ұсынып, «Дарынды және талантты тұлғаны таңдауда көшбасшылыққа қалай қол жеткізіп жүрсіз?» деген сұрақтың  негізінде жарнама жасап, топпен қорғады. Жарнама негізінде өздерінің идеяларын құнды теңгелермен сатты. Әр топ өздеріне ұнаған әдістерді сатып алды. Соңында ең көп әдісті сатып алған топқа  «Ең тиімді әдіс» атауы берілді. Коучинг қорытындыланып, өзара критериалды бағалау жүргізілді. Қ стретегиясы бойынша кері байланыс алынды.
   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: