19
қазан
2022
“Ұлттық құндылықтар сабақта” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің 7-КҮНІ.
“Ұлттық құндылықтар сабақта” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің 7-КҮНІ. Бүгін бірлестік мұғалімі Бостанова Назира Ленсқызы "Асан Қайғының жерге айтқан сыны" аңызы тақырыбында 5 “Ә" сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар шығарма мазмұнымен географиялық карта арқылы танысып, өз пікірлерін ортаға салып, талдады. Шығармадағы жаңа сөздермен жүйелі жұмыс жасап, жазылым тапсырмаларын орындады. Заманауи технологияларға негізделген әдебиет сабағы нәтижелі болды.