20
қазан
2022
“Ұлттық құндылықтар сабақта” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің 9-КҮНІ.
“Ұлттық құндылықтар сабақта” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінің 9-КҮНІ. "Тәлімгерлік мектеп" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі, педагог-шебер Карабекова Замзагуль Болатбековна мен жас маман Сұлтанбек Дулат Мейрамбекұлы бірлескен ашық сабақ өткізді. Сабақ 10 "Г" сынып оқушыларына "Қазіргі қоғамдағы мәдениет пен өнер құндылықтары" тақырыбында ұйымдастырылды. Ашық сабақ барысында орта білім беру бойынша айқындалған негізгі құндылықтарға баса назар аударып, заманауи оқыту технологияларына негізделді. Оқушылар ойтүрткі сұрақтарға еркін жауап беріп, топтық, жұптық, жеке тапсырмаларды орындап, бірін-бірі бағалады. Ұйымдастырылған жобаның екінші кезеңі тәлімгер мен жас маманның атқарған 1 жылдық есебіне арналды. Жеткен жетістіктер мен атқарылған қоғамдық іс-шаралар көрсетіліп, алдағы тәлімгерлік жоспармен таныстырылды.