04
наурыз
2026
🌸 «Көктем Аруы – 2026» 🌸
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия мектебінде 8-сынып оқушылары арасында «Көктем Аруы – 2026» байқауы өтті.
Аруларымыз өз өнерлерін, тапқырлықтары мен білімдерін бірнеше кезең бойынша сынап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерінің жан-жақтылығын дәлелдеді.
Байқау барысында қыздарымыздың сахна мәдениеті, әсемдігі мен парасаттылығы айқын көрініс тапты. Әділқазылар алқасы әр қатысушының шеберлігі мен талпынысын жоғары бағалады.
«Көктем Аруы – 2026» – тек сұлулық байқауы ғана емес, бұл – нәзіктік пен білімнің, өнер мен тәрбиенің үйлесім тапқан мерекесі 🌷
Қатысушыларымызға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз! ✨