11
ақпан
2026
AI: Математика-дәлдік, информатика-мүмкіндік” тақырыбы аясында өткен математика және информатика кафедрасы ұйымдастырылған ТАҢДАУ+ДАМУ=БОЛАШАҚ атты 10- 11-сынып оқушыларына мамандық таңдауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында кездесу өтті.
Гимназиямызда “AI: Математика-дәлдік, информатика-мүмкіндік” тақырыбы аясында өткен математика және информатика кафедрасы ұйымдастырылған ТАҢДАУ+ДАМУ=БОЛАШАҚ атты 10- 11-сынып оқушыларына мамандық таңдауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында кездесу өтті. 11-сынып – өмірдегі маңызды шешімдер қабылданатын кезең. Қай мамандықты таңдаймыз, қай бағытта оқимыз деген сұрақтар дәл осы уақытта туындайды. Осы тұста математика және информатика таңдаған оқушыларға таңдау пәндері бойынша қандай мамандықтарға баруға болады, болашақта қайда жұмыс алады деген сұрақтарға нақты жауап алу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Математика кафедрасы меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Касенов Сырым Еркинович, Есептеу ғылымдары және статистика кафедра меңгерушісі Темирбеков Алмас Нурланович, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы меңгерушісінің оқу - әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сағымбаева Лида Абсұлтанқызымен кездесу өткізілді. Кездесу лекция емес, еркін әңгіме форматында өтті. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды. Болашақта IT саласында өздерін қайда жұмыс жасай алатындығын білді.

