Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Дана әже – 2026»
10
наурыз
2026

«Дана әже – 2026»

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында «Даналық мектебі» жобасы аясында 2-сынып оқушыларының әжелерінің қатысуымен «Дана әже – 2026» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығын жас ұрпаққа үлгі ету, оқушылардың үлкенге деген құрметін арттыру.

Кеш барысында әжелер өз өнерлерін көрсетіп, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісіп, немерелерімен бірге түрлі тапсырмалар орындады. Бұл шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, оқушыларға ерекше әсер сыйлады.

Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтардың маңызы арта түспек.

✨ Даналықтың бастауы – әже тәлімінде!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: