Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 20
Ұлттық киім күні – ата-бабамыздан қалған асыл мұра!
18
наурыз
2025
Ұлттық киім күні – ата-бабамыздан қалған асыл мұра!
Ұлттық киім – халқымыздың бай мәдениеті мен рухани құндылықтарының көрінісі. Әр ою, әр өрнек – өткеннің ізі, болашаққа аманат.  Бүгін – ұлттық киімімізді дәріптеп, салт-дәстүрімізді ұлықтайтын күн! Баршаңызды осы ерекше мерекені бірге атап өтуге шақырамыз!
16 Наурыз- Шаңырақ күні!
17
наурыз
2025
16 Наурыз- Шаңырақ күні!
16 Наурыз- Шаңырақ күні “Наурызнама” жалпыұлттық онкүндік аясында ұлықтаған мерейлі мерекенің  әр орбасы  үшін маңызы ерекше. Атаулы күнге оқушыларымыз отбасы мүшелерімен бірге  өткізге бейнежазбаларын тарту етті.
“Өрт қауіпсіздігі ортақ міндет” шығармашылық сағаты өтті.
06
наурыз
2025
“Өрт қауіпсіздігі ортақ міндет” шығармашылық сағаты өтті.
Оқушылар  өрттің алдын алу және  қауіпсіздік ережелері тақырыбында суреттер салып, қауіпсіздіктің маңызын түсінді. Өрт сөндірушілердің ерлігі туралы бейнелеп  өз шығармашылықтарын көрсетті. Қатысушыларға алғыс айтамыз.  Өрт қауіпсіздігін бірге сақтайық!
«Анамның аялы алақаны» челленджі!
05
наурыз
2025
«Анамның аялы алақаны» челленджі!
Ана алақаны – мейірім мен жылулықтың символы. Челленджге қатысып, анаңыздың аялы алақаны туралы естеліктеріңізбен бөлісіңіз!  Ана махаббатын бірге дәріптейік!
Қауіпсіздік – басты назарда!  сынып сағаты болып өтті
24
ақпан
2025
Қауіпсіздік – басты назарда! сынып сағаты болып өтті
Сынып сағаты: Қауіпсіздік – басты назарда!    Әр дүйсенбі өтетін  сынып сағатында оқушылар Мемлекеттік Әнұранды орындап, маңызды тақырыптарды талқылады.  10 минуттық түсіндірме жұмысы Көмек бағдарламасы бойынша  қауіпсіздік ережелеріне арналды. Оқушыларға  жеке, төтенше жағдай кезіндегі  және өрт қауіпсіздігі туралы түсінік беріліп, сақтық шараларының маңыздылығы айтылды.  Сонымен қатар, Тәуелсіздік пен Отаншылдық тақырыптары талқыланып,  Алғыс айту күніне орай бір-біріне ризашылық білдірудің
Кітапханаға қызықты саяхат!
21
ақпан
2025
Кітапханаға қызықты саяхат!
Кітапханаға қызықты саяхат!  Гимназиямыздың 4А сынып  оқушылары Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай кітапханаға барып, танымдық іс-шараға қатысты.  Балалар өздері оқыған жазушының «Ермектің алмасы», «Есеннің кірпісі», «Сел», «Жас бұтақ» әңгімелерін талқылап, сұрақтарға жауап берді. Әр әңгімеден өзіне ой түйіп, шығармалардың тәрбиелік мәнін ұғынды.  Кітапханашылар С.Бегалиннің еңбектері мен қолданған заттары туралы қызықты деректермен, бейнероликтермен бөлісті.  Ерекше қонағымыз – жазушының
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым  Гимназиямызда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай 8-10 сынып оқушыларына арналған “Ауған жаңғырығы” атты кездесу өтті.
20
ақпан
2025
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым Гимназиямызда Кеңес әскерінің
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым  Гимназиямызда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай 8-10 сынып оқушыларына арналған “Ауған жаңғырығы” атты кездесу өтті.  Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, ҰҚК Шекара әскерінің полковнигі Анацкий Владимир Георгиевич*, ҰҚК полковнигі Атыканов Алик Атыканович қатысты.  Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын түсіндіру.  Оқушылар өз
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті!
19
ақпан
2025
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті!
19 ақпан күні гимназиямыздың 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.  Профессор Рузиддинов атындағы медициналық колледж оқытушылары  Кеңес Жібек Төлентайқызы  мен Серікбай Алина Құрманбекқызы медицина, фармация, стоматология және техникалық мамандықтар туралы ақпарат берді.  Оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт алды.
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.” 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады.
17
ақпан
2025
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.” 10-сынып
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.”  Бүгін 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады. Оқушылар 28-ші Панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға тағзым етіп, батырлар рухына гүл шоқтарын қойды.    Бұл шара  патриоттық тәрбиені нығайтып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Ардагерлер  бейбітшілік пен тәуелсіздіктің бағасын ұғындырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
“Қыз баланың күтімі мен денсаулығы” тақырыбында кездесу өтті
17
ақпан
2025
“Қыз баланың күтімі мен денсаулығы” тақырыбында кездесу өтті
Гимназиямызда 10-сынып оқушыларына мектеп психологтарымен бірлескен кездесу сабағы өтті.  Кездесуге 1 қалалық емхананың дәрігер-гинекологы Рахимова Гаухар Мұхтарханқызы қыз балалардың денсаулығы, дұрыс күтім және салауатты өмір салты туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.  Оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, денсаулыққа деген жауапкершілікті арттырды.  Салауатты өмір – бақытты болашақ!