Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі»
12
ақпан
2026

Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі»

Бүгін мектебімізде ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух сіңіру, ерліктің мәнін түсіндіру және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
Кездесу барысында ардагерлер өз өмір жолынан сыр шертіп, әскери борыштың маңызын, елге деген адалдық пен жауапкершілік жайында терең ойларымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ерлік пен батырлықтың шынайы үлгісін көрді.
Ауған соғысы – ұмытылмауы тиіс тарих. Бұл – ер азаматтың жүрегі сыналған, тағдыр таразыға түскен кезең. Біз бүгін ел үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым еттік.
Осындай кездесулер – өскелең ұрпақтың санасына патриоттық рух, азаматтық жауапкершілік және бейбіт өмірдің бағасын сіңіретін маңызды тәрбие сағаттарының бірі.
Ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: