Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
“Тыл ардагерлеріне тағзым”
08
мамыр
2025
“Тыл ардагерлеріне тағзым”
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында гимназия оқушылары тылда еңбек еткен ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан аға буынның еңбегі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, мерекелік ән-жырын арнап, шағын сыйлықтарын табыстады.  https://www.instagram.com/p/DJ1GaPasMOe/?igsh=MnR0c2RjOWVobjQz
Сейсможаттығу – қауіпсіздіктің кепілі!
30
сәуір
2025
Сейсможаттығу – қауіпсіздіктің кепілі!
30 сәуір күні гимназиямызда Алматы қаласы бойынша жоспарланған жалпы қалалық сейсможаттығу аясында оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқу орнының барлық оқушылары мен қызметкерлері дабыл сигналы берілген сәттен бастап белгіленген тәртіп бойынша қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Төтенше жағдай кезінде жылдам әрі дұрыс әрекет ету, тыныштықты сақтау, алғашқы көмек көрсету және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізілді. Мұндай жаттығулар – білім
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы қаласы оқушылары арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан жүлделі орындарға ие болды.
30
сәуір
2025
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы қаласы оқушылары арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына іріктеу турнирінде гимназиямыздың намысын қорғаған оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Елетай Бейбарыс – І орын, Дүйсен Нұрасыл – ІІ орын иеленді. Жарыс нәтижесінде екі оқушымыз да маусым айында Қостанай қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы республикалық тоғызқұмалақ чемпионатына жолдама жеңіп алды. Жас
Дзюдодан жасөспірімдер арасындары «Дала қырандары» республикалық турнирі аясында JUMAQANOV LIGASY-ның алғашқы турында 35 салмақ дәрежесінде 1-орынды гимназия оқушысы Қанапия Арын иемденді.
29
сәуір
2025
Дзюдодан жасөспірімдер арасындары «Дала қырандары» республикалық
Дзюдодан жасөспірімдер арасындары «Дала қырандары» республикалық турнирі аясында JUMAQANOV LIGASY-ның алғашқы турында 35 салмақ дәрежесінде 1-орынды гимназия оқушысы Қанапия Арын иемденді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!                      https://www.instagram.com/reel/DJCd8FwtuCJ/?igsh=MWk5bmQzcjM1bzM1dA==
VII Халықаралық іс-тәжірибе тарату конференциясының  көрмесінде“ Алматы қаласының экологиялық мәселесін шешуде Smog Free Тower қондырғысының ықпалы” тақырыбындағы жобасын шетелдік қонақтарға таныстырды.
29
сәуір
2025
VII Халықаралық іс-тәжірибе тарату конференциясының көрмесінде“
Ш.Уәлиханов атындағы 12 мамандандырылған гимназияның 9 г сынып оқушылары Халмет Ерасыл, Дәркембай Сұлтан VII Халықаралық іс-тәжірибе тарату конференциясының  көрмесінде“ Алматы қаласының экологиялық мәселесін шешуде Smog Free Тower қондырғысының ықпалы” тақырыбындағы жобасын шетелдік қонақтарға таныстырды. Жетекшісі: Мұрат М.М. https://www.instagram.com/reel/DJCl0eDMPbb/?igsh=MTQ4aDN6cGw3eDM3NQ==
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік сабағы” өткізілді.
25
сәуір
2025
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай
Гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік сабағы” өткізілді. Шара барысында оқушылар соғыс жылдарындағы ерліктер туралы тың деректермен танысып, батырлардың рухына тағзым етіп, Отанға деген сүйіспеншілікті сезінді. Сабақ оқушылардың патриоттық сезімдерін арттырып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге ықпал етті.                      ​https://www.instagram.com/reel/DI-z5a4N4zW/?igsh=MXNxY3JvNzJmam1wMQ==
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында тағзым рәсімі өтті.
25
сәуір
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 28 панфиловшылар Данқ мемориалында тағзым рәсімі өтті. Гимназия оқушылары тарихтың алтын әріптерімен жазылған ерлікке құрмет көрсетіп, мәңгілік алау алдында тағзым етті. Ерлік пен елдік ұғымының асқақ үлгісіне айналған панфиловшылардың рухына бас иіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл тағзым — батыр бабалар аманатына адалдықтың белгісі, мәңгілік ел мұратына жасалған серт.                  
Республикалық “Әбіш оқуы” байқауының қалалық кезеңінде “Шығармашылық жұмыс” бағыты бойынша 11”ә”сынып оқушысы Байжұманова Айым 2-орын алды
23
сәуір
2025
Республикалық “Әбіш оқуы” байқауының қалалық кезеңінде “Шығармашылық
Республикалық “Әбіш оқуы” байқауының қалалық кезеңінде “Шығармашылық жұмыс” бағыты бойынша 11”ә”сынып оқушысы Байжұманова Айым 2-орын алды. @edu.almaty @gani.beisembayev @sairan.saifedenov @mnurymbetov @oqu_agartu_ministrligi @birtutas_tarbie2024 @akimat_medeu @akimat_almaty                      https://www.instagram.com/reel/DIyQSkRtJdZ/?igsh=cnc1ZThqaHFpMHR1
Ұлттық кітап күні аясындағы үлкен жеңіс!
23
сәуір
2025
Ұлттық кітап күні аясындағы үлкен жеңіс!
Қазақ балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық байқауында Алтаева Кәмилә жүлделі ІІ орын иеленіп, 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен құнды кітаптар жинағын жеңіп алды! Жас қаламгерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әдебиетке деген сүйіспеншілігің мен шығармашылығың қашанда биіктен көріне берсін! https://www.instagram.com/reel/DIyu7nDt-l0/?igsh=MXFmcDM1dm95OWsydQ==
Гимназиямызда “Күй күмбірі” – ұлттық сазға толы ерекше сәт!
23
сәуір
2025
Гимназиямызда “Күй күмбірі” – ұлттық сазға толы ерекше сәт!
Гимназиямызда “Күй күмбірі” – ұлттық сазға толы ерекше сәт! Оқушылар қоңырау уақытында күй әуенімен рухтанып, демалыс сәттерін көңілді әрі мағыналы өткізді. Ұлттық өнерді дәріптеу – өскелең ұрпақтың рухани қалыптасуының бастауы!