Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 14
Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – жасанды интеллект дәуірінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
06
қазан
2025
Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай
Бүгін гимназия қабырғасында ерекше рухани сәтке куә болдық. Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – жасанды интеллект дәуірінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.  Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар Абай әлеміне сапар шегіп, ұлы ақынның жырларын жүрекпен оқыды. Абай өлеңдеріне арналған сурет көрмесі қойылып, көркем сөз, күмбірлеген күй, терең сұрақтар мен жылы жүздер шара шырайын арттыра түсті.  Көпшіліктің
Біз қарсымыз – буллингке!
19
қыркүйек
2025
Біз қарсымыз – буллингке!
Біздің мектеп – қауіпсіз орта құруды басты мақсат етіп қойған білім ордасы. Оқушылардың бір-біріне құрметпен қарап, достық қарым-қатынаста болуы – біз үшін маңызды. Буллингтің алдын алу – тек мектептің емес, баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Әр бала өз әлеуетін ашу үшін өзін қауіпсіз, қолдаулы ортада сезінуі қажет. Осыған орай гимназиямыздың оқушылары “Менің мектебім буллингке қарсы” тақырыбында республикалық флешмобқа қатысты. Біз біргеміз. Біз қарсымыз – буллингке!
“Адал азамат” бағдарламасы аясында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаты өтті.
12
қыркүйек
2025
“Адал азамат” бағдарламасы аясында «Отбасы – бақыт мекені»
Гимназияның 6 «Ә» сыныбында “Адал азамат” бағдарламасы аясында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаты өтті.  Оқушылар отбасының қоғамдағы орны, ата-анаға құрмет пен бауырмалдық, татулық құндылықтары жайлы ой бөлісіп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Сабақ оқушылардың жүрегіне жылулық сыйлап, отбасы – әрбір адамның шынайы бақыт мекені екенін ұғындырды. Сынып жетекшісі: Бекмуратова А. С
«Менің Отбасым – менің мақтанышым» атты эссе байқауы өтті.
11
қыркүйек
2025
«Менің Отбасым – менің мақтанышым» атты эссе байқауы өтті.
Гимназиямызда 6-сынып оқушылары арасында «Менің Отбасым – менің мақтанышым» атты эссе байқауы өтті. Бұл байқау оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Жас қаламгерлер өз шығармаларында ата-анасына құрметін, бауырмалдық сезімін және отбасындағы жылулықты әсерлі жеткізе білді.
Абайлаңыз балалар!
05
қыркүйек
2025
Абайлаңыз балалар!
 Бұл акцияның мақсаты – балалардың жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында оқушылармен жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Іс-шараға учаскелік полиция майоры Күтісбаева Нұржамиля Битуғанқызы арнайы келіп, оқушыларға жолда өзін дұрыс ұстау, бағдаршам мен жол белгілерінің маңызы туралы кеңінен айтып берді.
Менің Отаным – Қазақстан» сынып сағаты
01
қыркүйек
2025
Менің Отаным – Қазақстан» сынып сағаты
Менің Отаным – Қазақстан» Еліміздің барлық мектептерінде жаңа оқу жылының алғашқы аптасы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында басталды. Осыған орай бүгін «Менің Отаным – Қазақстан» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанның жетістіктерін мақтанышпен дәріптеу және ел болашағы үшін адал еңбек етуге баулу. Оқушылар туған жердің тарихын, мәдениеті мен табиғи байлығын талқылап, «Адал азамат қандай болу керек?» деген
“Менің Отаным – Қазақстан» біріңғай сынып сағатында  «Адал азамат», «КӨМЕК» бағдарламасы, ерлік сабағы қамтылды.
01
қыркүйек
2025
“Менің Отаным – Қазақстан» біріңғай сынып сағатында «Адал азамат»,
11сыныппен өткізілген “Менің Отаным – Қазақстан» біріңғай сынып сағатында  «Адал азамат», «КӨМЕК» бағдарламасы, ерлік сабағы қамтылды. Сабаққа 18272 әскери бөлімінің арнайы операция күштерінен полковник Е.А. Усманов, майор Ж.Е. Утешев, капитан А.С. Темірбаев қатысып, Отанды қорғаудағы ержүректік, батылдық, сабырлық туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Отанды қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы! Елін сүйген ерлер – жастарға өнеге!    
Алғашқы қоңырау!
01
қыркүйек
2025
Алғашқы қоңырау!
​https://www.inform.kz/ru/perviy-zvonok-prozvenel-v-shkolah-almati-32c585​​​