Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
📚 “Шын жүрегіңмен кітап сыйла” акциясы аяқталды, бірақ жақсылық жалғасуда!
14
ақпан
2025
📚 “Шын жүрегіңмен кітап сыйла” акциясы аяқталды, бірақ жақсылық
📚 “Шын жүрегіңмен кітап сыйла” акциясы аяқталды, бірақ жақсылық жалғасуда! Акция тәмамдалғанымен, оқушыларымыздың игі іске атсалысуы әлі де тоқтаған жоқ! Кітап сыйлау – білімге, мәдениетке қосқан баға жетпес үлес.  Барша қатысушыларға алғысымыз шексіз! Сіздердің бұл бастамаға қосқан үлестеріңіз – болашаққа жасалған жарқын қадам!  “Кітап оқу мен бөлісу –мәңгілік құндылық”
“Біріңғай өрт қауіпсіздігі” күні
12
ақпан
2025
“Біріңғай өрт қауіпсіздігі” күні
Бүгін гимназиямызда  “Біріңғай өрт қауіпсіздігі” күні аясында Медеу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Гиззатов Алишер Әділұлы және АӘТД пәнінің мұғалімі Әуезов Қуаныш Махаммедәліұлы оқушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  -Оқушыларға өрттің алдын алу және қауіпсіздік шаралары түсіндірілді;  -Төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекеттер мен алғашқы көмек көрсету жолдары көрсетілді;  -Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау
“Жаратылыс сыры-ғылымда “ атты жаратылыстану әдіс бірлестігінің онкүндігі басталды.
10
ақпан
2025
“Жаратылыс сыры-ғылымда “ атты жаратылыстану әдіс бірлестігінің
“Жаратылыс сыры-ғылымда “ атты жаратылыстану әдіс бірлестігінің онкүндігі басталды. Мақсаты: Жаратылыстану ғылымына оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, дарынды ұрпақ тәрбиелеу. Ашылу салтанатына, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Физиктер, химиктер, биологтар, географтар адамзаттың Жер анамызға тигізіп жатқан антропогенді әсерін жан-жақты көрсетті. Оқушыларға тәрбиелік, дамытушылық жағына  ақпараттар берілді.
“Мен Отанымды қорғаймын” эссе байқауы
05
ақпан
2025
“Мен Отанымды қорғаймын” эссе байқауы
“Мен Отанымды қорғаймын” эссе байқауы  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай гимназиямызда  5-8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті! Оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін, ерлік пен патриотизмді, бейбіт өмірдің қадірін жүректерінен шыққан сөздермен жеткізді.    Біз әрқашан бейбітшілік үшін күрескен батырларымызды ұмытпаймыз! Болашақ – біздің қолымызда!
9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте өткен кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып, болашақ мамандықтарымен жақынырақ танысты.
04
ақпан
2025
9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте
       Бүгін 9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте өткен кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып, болашақ мамандықтарымен жақынырақ танысты.  Заманауи зертханалар мен технологиялық орталықтарын  тамашалады. Бұл шара оқушыларымыздың кәсіби бағдарларын анықтауға, дұрыс шешім қабылдауға үлкен үлес қосты деп сенеміз. Оқушыларымыздың болашағына жол ашатын жаңа мүмкіндіктер көп болсын!
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы
03
ақпан
2025
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы Апта дәйексөзі “Шығармашыл бала - ойлы бала”  Сынып сағатында  оқушыларымыз еліміздің Әнұранын орындап,  рухани серпін алды.  “Көмек” бағдарламасымен жалғасып, “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам”— цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, онлайн әлемдегі негізгі қауіп-қатерлерге қарсы тұру жолдары қарастырылды. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері ерекше байқалып, әр тақырып олар үшін маңызды білім көзіне айналды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
03
ақпан
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Бүгін мектебімізде 3,5-6 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында мектеп инспекторы Н.Е. Махимов түсіндірме жұмысын жүргізді.  Кездесу барысында:  - Өз құқықтары мен міндеттері түсіндірілді;  - Қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері айтылды;  - Әлімжеттік жасамау, бір-бірін құрметтеу және достық қарым-қатынасты сақтау қажеттігі түсіндірілді. Балалардың қауіпсіз, мейірімді ортада дамуына қолдау көрсетейік!
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің негізі"
27
қаңтар
2025
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің негізі"        Бүгін мектебімізде ата-ана мен оқушылардың қатысуымен "Өнегелі өмір" тақырыбында тәрбиелік сабақ өтті. Сабақ барысында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың бала жетістігіне тигізер маңызы талқыланды. Іс-шара ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының жоспарына сәйкес өткізілді. Бірлескен жұмыс – жарқын болашақтың кепілі!