Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🔬🌿 «Ғылым. Экология. Инновация – болашаққа қадам» 🌿🔬
16
ақпан
2026
🔬🌿 «Ғылым. Экология. Инновация – болашаққа қадам» 🌿🔬
Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін арттыру және инновациялық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы болашаққа жауапкершілікпен қарайтын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Апталық аясында: ✅ Ашық сабақтар ✅ Практикалық жұмыстар ✅ Интеллектуалдық сайыстар ✅ Ғылыми-танымдық іс-шаралар өтеді Бұл онкүндік – ғылымға қызығушылықты арттырып, зерттеушілік дағдыларды дамытуға және жаңартылатын энергия мен заманауи технологиялар туралы түсінікті
«Мектептік өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты аудандық байқау өтті.
29
қаңтар
2026
«Мектептік өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты аудандық
Бұл байқау – оқушылардың азаматтық белсенділігін, көшбасшылық қабілетін және әділ сайлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң. Өзін-өзі басқару – бұл тек ұйым емес, 🔹 жауапкершілік, 🔹 таңдау жасау, 🔹 пікір айту, 🔹 шешім қабылдауға қатысу мектебі. Қатысқан барлық мектеп командаларына алғысымыз шексіз! Ал үздік атанған команда аудан намысын келесі кезеңде қорғайды. Болашақ көшбасшылар – бүгінгі мектептен басталады!
📌 Педагогикалық кеңес №3
06
қаңтар
2026
📌 Педагогикалық кеңес №3
🎯 Тақырыбы: Гимназияда оқушы білімін тұрақты дамыту жолдары Қазіргі білім беру кеңістігінде оқушылардың білім сапасының тұрақсыздығы, оқу мотивациясының төмендеуі және алған білімді практикада қолдану дағдыларының жеткіліксіз дамуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай гимназияда кезекті Педагогикалық кеңес №3 өткізілді. 🔹 Кеңесте төмендегі мазмұнды баяндамалар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұсынылды: ▪️ «Оқушы білімін тұрақты дамыту жолдары» Д.М. Сұлтанбек – қазақ тілі мен әдебиеті
Психология – жан мен жүрек үндестігіне апарар жол
22
желтоқсан
2025
Психология – жан мен жүрек үндестігіне апарар жол
Гимназия қабырғасында ұйымдастырылған психология апталығы – оқушылардың, ата-аналар мен педагогтердің психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды әрі мазмұнды іс-шара. Апталық барысында: - эмоциялық тұрақтылық, - стресске төзімділік, - өз-өзіңді тану, - қарым-қатынас мәдениеті  сияқты өзекті бағыттар қамтылып, тренингтер, диагностикалық жұмыстар, сұхбаттар мен кеңестер өткізілді. Психолог – жан айнасы. Шынайы жанды тыңдай алатын, бағыт беріп, қолдау көрсете алатын тұлға – психолог. 
✨ РУХАНИ КЕШ — ӨНЕР МЕН ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ ✨
18
желтоқсан
2025
✨ РУХАНИ КЕШ — ӨНЕР МЕН ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ ✨
Бүгінгі рухани кеш қазақ сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы Төлек Тілеухановтың, сондай-ақ саналы ғұмырын білім мен тәрбиенің сара жолына арнаған, қазақ мектебінің қара шаңырағына айналған №12 гимназияда ұзақ жылдар еңбек еткен, математика пәнінің мұғалімі Советғайша Халықованың еңбегіне арналды. 📚 Бұл игі шара жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, ұлттың сөз өнері мен ұстаз еңбегін ұлықтаудың жарқын көрінісі болды.
📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
08
желтоқсан
2025
📚✨ “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі ✨📚
Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда “Адал ұстаз” байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл жарыстың мақсаты – өз ісіне адал, шығармашыл, жаңашыл педагогтарды анықтап, қолдау көрсету. 🔹 Қатысушылар кәсіби шеберлігін танытып, әдістемелік дайындығын көрсетті. 🔹 Байқау барлық қатысушылар үшін тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен шабыттың алаңына айналды. Барлық ұстаздарға еңбегі мен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆🌟
Бүгін гимназиямызда қоғамдық пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты “Тарих. Тұлға.Тағылым» атты тақырыпта Алаш қайраткері М.Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналды.
01
желтоқсан
2025
Бүгін гимназиямызда қоғамдық пәндер бірлестігі апталығының ашылу
Бүгін гимназиямызда қоғамдық пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты “Тарих. Тұлға.Тағылым» атты тақырыпта Алаш қайраткері М.Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналды. Мақсаты Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын терең таныту, оның ағартушылық, әдебиеттегі, саясаттағы рөлін ашу болып табылады. 10 сынып оқушыларының қатысуымен М.Дулатұлының өмірдерегі айтылып, өлеңдері оқылып,  сахналық көрініс көрсетілді, “Оян, қазақ!”, “Бақытсыз Жамал” сияқты еңбектеріндегі ұлттық
Тұңғыш географ ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ұлы саяхатшы ізімен» атты география пәні мұғалімдеріне арналған пәндік қалалық олимпиадасын өткізді.
20
қараша
2025
Тұңғыш географ ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай
    20-қараша күні Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Ш.Уәлиханов атындағы 12мамандандырылған гимназия бірлесіп, тұңғыш географ ғалым Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ұлы саяхатшы ізімен» атты география пәні мұғалімдеріне арналған пәндік қалалық олимпиадасын өткізді. Пәндік олимпиаданың әділ-бағасын беруге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқытушылары ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары г.ғ.к.Мұздыбаева Қ.К.,