Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«35 игі іс және жанашыр жүрек» айлығы аясындағы кездесу
14
қазан
2025
«35 игі іс және жанашыр жүрек» айлығы аясындағы кездесу
Бүгін гимназия оқушылары мен ұстаздары ардагерлерге арнайы барып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың бойына құрмет пен ізгілік, қамқорлық пен жанашырлық қасиеттерін дарытып, адамгершілік пен мейірімге тәрбиелейді. Ардагерлермен жүздесу сәтінде оқушылар ән шырқап, домбырамен күй орындап, жүрекжарды тілектерін арнады  
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
13
қазан
2025
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
Бүгін №12 мамандандырылған гимназия базасындаҰлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты қалалық ту ұстаушылар байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақты елжандылыққа, Отанға адалдық пен рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу,қазақ жастарының патриоттық рухын арттыру болды. Байқаудың негізгі кезеңі 28 Панфиловшылар саябағында өз жалғасын тапты. Мемлекеттік және әскери туларды абыроймен алып шыққан
🎶 Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка кабинеті ашылды! 🎵
07
қазан
2025
🎶 Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка кабинеті ашылды! 🎵
🎶 Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка кабинеті ашылды! 🎵 Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияда ерекше күн — ұлы сазгер, қазақ музыкасының аңызы Нұрғиса Тілендиевтің есімімен аталған музыка кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Шараға сазгердің қызы — Дінзухра Тілендиева арнайы қатысып, кабинеттің тұсауын кесті. 💐Бұл кабинет жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін дамытып, қазақ музыкасына деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
«Біртұтас тәрбие – адал азамат» жобасы аясында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акция өтті.
07
қазан
2025
«Біртұтас тәрбие – адал азамат» жобасы аясында «Нашақорлыққа жол жоқ»
«Біртұтас тәрбие – адал азамат» жобасы аясында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акция өтті. Іс-шара барысында оқушыларға есірткі заттарының адам өміріне зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Акцияның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.
Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – жасанды интеллект дәуірінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
06
қазан
2025
Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай
Бүгін гимназия қабырғасында ерекше рухани сәтке куә болдық. Ұлы ойшыл, хәкім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – жасанды интеллект дәуірінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.  Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар Абай әлеміне сапар шегіп, ұлы ақынның жырларын жүрекпен оқыды. Абай өлеңдеріне арналған сурет көрмесі қойылып, көркем сөз, күмбірлеген күй, терең сұрақтар мен жылы жүздер шара шырайын арттыра түсті.  Көпшіліктің
Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған қалалық өрт жағдайы және жер сілкінісі кезіндегі оқу-жаттығу өтті. 🔥🌍
19
қыркүйек
2025
Шоқан Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия мектебінде
Оқу-жаттығу барысында оқушыларға: ✅ төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-қимылдар, ✅ эвакуация ережелері, ✅ өзін және өзгелерді қорғау жолдары түсіндірілді. Бұл шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту. 👩‍🚒👨‍🚒 #ҚауіпсіздікСабағы #ТөтеншеЖағдай #ОқуЖаттығу #ШоқанУәлихановГимназиясы
Сынып сағаттары – саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі!
15
қыркүйек
2025
Сынып сағаттары – саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі!
📍 Ш.Уалиханов атындағы №12 МГ КММ 15 қыркүйек күні мектебімізде бірқатар тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілуде. 🗓 Сынып сағатының жоспары: 1️⃣ Тәрбие сағаты: «Адал Азамат» ▪️ 1–4 сыныптар: «Біздің үйдегі еңбек» ▪️ 5–9 сыныптар: «Адал еңбек – адамдықтың белгісі» ▪️ 10–11 сыныптар: «Мамандық пен еңбек таңдауы – болашаққа бастар жол» 2️⃣ Қауіпсіздік сабағы – 10 минут (Жол ережесі, өрт қауіпсіздігі, тұрмыстық техника және т.б.) 3️⃣ «КӨМЕК» жобасы – 10 минут (Психологиялық қолдау, оқушының
5–11 сынып оқушылары сынып сағаты барысында «Республикалық сайлау диктантын» жазды
15
қыркүйек
2025
5–11 сынып оқушылары сынып сағаты барысында «Республикалық сайлау
Ш.Уалиханов атындағы №12 МГ КММ-де 5–11 сынып оқушылары сынып сағаты барысында «Республикалық сайлау диктантын» жазды. Бұл диктант  Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың сайлау мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Бүгін Қала күніне орай өткізілген сенбілікке мектебіміздің ұжымы белсене атсалысты.
13
қыркүйек
2025
Бүгін Қала күніне орай өткізілген сенбілікке мектебіміздің ұжымы
Бүгін Қала күніне орай өткізілген сенбілікке мектебіміздің ұжымы белсене атсалысты.  Аула тазаланып, ағаштар жасарды, гүлзарлар жаңарып, мектеп аумағы көрікке бөленді.  Ұжым татулық пен бірліктің, ынтымақ пен еңбектің, туған шаһарды аялаудың шынайы үлгісін көрсетті.  Қаламызды көркейту – баршамыздың азаматтық парызы, ортақ міндеті.  Таза қала – өркенді болашақтың, нұрлы келешектің кепілі.
“Буллингке қарсы күрестегі ата-ананың рөлі”
12
қыркүйек
2025
“Буллингке қарсы күрестегі ата-ананың рөлі”
📍 Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияда 1-сынып ата-аналарына арналған жиналыс өтті. 🎯 Тақырып: “Буллингке қарсы күрестегі ата-ананың рөлі” Бұл кездесудің мақсаты — мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына жағдай жасау. 🗓 Күн тәртібі: 1️⃣ Кіріспе сөз – Гимназия директоры м.а. Жетпісбаева Л.У. 2️⃣ Баяндама: “1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі” – Жуванышбекова С.М. 3️⃣ Баяндама: “Бастауыш сынып оқушыларының мектеп өміріне