Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
”Буллингтен қорған”  сынып сағаты өтілді
19
қараша
2024
”Буллингтен қорған” сынып сағаты өтілді
Бүгін №12 Шоқан Уалиханов атындағы гимназиямызда  парламент мүшелері  5-8 сыныптар үшін тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында :”Буллингтен қорған” және “Әділдік пен жауапкершілік-бір ұғым” деген тақырыптар қозғалды.👥 Оқушылар буллинг, буллингтен қорғану және оны болдырмау әрекеттерімен және әділдік пен жауапкершілік секілді құндылық-қасиеттермен танысып,өздеріне жаңа мәлімет алды.📝
25 қазан-Республика күніне орай “Алтын күз” қөлөнер көрмесі өтті.
17
қазан
2024
25 қазан-Республика күніне орай “Алтын күз” қөлөнер көрмесі өтті.
Бүгін, 17.10 күні гимназияда 5,6-сыныптар арасында Біртұтас тәрбие жоспарына сай, 25 қазан-Республика күніне орай “Алтын күз” қөлөнер көрмесі өтті.МАҚСАТЫ: БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ, БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ, АТА-АНАЛАРДЫМЕКТЕП ӨМІРІНЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ. 
6-сынып оқушылары Төтенше жағдай Департаментінің  ашық есік күніне қатысып, өрт сөндіру қызметі мен құтқарушылардың  жұмысымен танысты.
15
қазан
2024
6-сынып оқушылары Төтенше жағдай Департаментінің ашық есік күніне
Білім алушыларды еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында гимназиямыздың 6-сынып оқушылары Төтенше жағдай Департаментінің  ашық есік күніне қатысып, өрт сөндіру қызметі мен құтқарушылардың  жұмысымен танысты. Мақсаты: қауіпсіздік мәдениеті мен құтқарушылардың жауапты әрі маңызды қызметін дәріптеп, жауапкершілікті сезінуге үйрету. 
Гимназия оқушылары мектеп мөлтекаудандарында тұратын қарттарды құттықтап қайтты.
15
қазан
2024
Гимназия оқушылары мектеп мөлтекаудандарында тұратын қарттарды
Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек. Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі. Гимназия оқушылары мектеп мөлтекаудандарында тұратын қарттарды құттықтап қайтты. Аман болыңыздар, қарттарым💐.
Гимназиямыздың 100 жылдығы қарсаңында “Жасыл мектеп” акциясына орай гимназия түлектері Анаят Сарсенов, гимназия Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы Ардақ Нұрғалиевтың қолдауымен 100 балқарағай ағашы отырғызылды.
14
қазан
2024
Гимназиямыздың 100 жылдығы қарсаңында “Жасыл мектеп” акциясына орай
14.10.2024 ж гимназиямыздың 100 жылдығы қарсаңында “Жасыл мектеп” акциясына орай гимназия түлектері Анаят Сарсенов, гимназия Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы Ардақ Нұрғалиевтың қолдауымен 100 балқарағай ағашы отырғызылды. Ағаш отырғызу акциясына  белсенді қатысқан 11-сынып оқушыларына, жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі: Ақимешева Қ. мұғалімдері: Садырбекова Ж., Жарқынбай Н, Абдилдаева Ш. Дене шынықтыру мұғалімдері: Иманбаве Д, Джакипбеков Р, Сембеков Б, Алпысбайұлы С, Баймұханбетов Ұ атты
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен “Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті” атты ұранымен азаматтық қорғау саласындағы оқу сабақтары өтті
14
қазан
2024
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен “Өскелең
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік  орталығы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен “Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті” атты ұранымен азаматтық қорғау саласындағы оқу сабақтары 14.10.2024 жылы өткізілді.