Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Психодиагностикалық жұмыстар жүргізді
16
қыркүйек
2024
Психодиагностикалық жұмыстар жүргізді
       Бастауыш білім-бұл ересектер әлеміне саналы өмірді бастау және баланың кім болмағы, қандай болмағы, осы кезеңнің сәтті немесе сәтсіз өтуіне байланысты. Осыған орай, гимназия табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларының мектепте оқуға даярлығын, ойлау және ұғымдық қорының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында гимназия педагог-психологтары Наурызбаева А.Д., Өсерханова Т.И. психодиагностикалық жұмыстар жүргізді.
Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі.
11
қыркүйек
2024
Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ: - “Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы
“Адалдық сағаттары “ өтілді
09
қыркүйек
2024
“Адалдық сағаттары “ өтілді
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: 1. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету. 2. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. 3. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету #алматы_біртұтас_тәрбие_
«Қауіптің алдын-алу» тақырыбында оқушылары мен ата-аналар арасында профилактикалық жұмыс жүргізілді.
09
қыркүйек
2024
«Қауіптің алдын-алу» тақырыбында оқушылары мен ата-аналар арасында
      Алматы қалалық Білім басқармасы бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп, «Қауіптің алдын-алу» тақырыбында бейнероликтер, білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары мен ата-аналар арасында профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Отбасымызбен көбірек уақыт өткізейік!
09
қыркүйек
2024
Отбасымызбен көбірек уақыт өткізейік!
Әр адамға өз отбасы ыстық, отбасында береке мен бірлікті, шаңырақтың беріктігін сақтайтын ол отбасының бір-біріне деген махаббаты мен сенімділігі. Махаббат - ол тылсым күш! Оның күшіне ешбір күш теңесе алмайды, отбасында махаббаттың орны зор. 8 қыркүйек отбасы күні құтты болсын! 6 “ә” сыныбының оқушылары өз отбасыларымен. Отбасымызбен көбірек уақыт өткізейік!
“Тіл-тіршілікке күретамыр” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
05
қыркүйек
2024
“Тіл-тіршілікке күретамыр” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай 5-6-сынып оқушылары арасында “Тіл-тіршілікке күретамыр” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Оқушылар отандық ақындардың туған тіл, туған жер, достық, өнер-білім тақырыбына арналған өлеңдерін жатқа оқып, белсене қатысты. Мектебіміздің дарынды оқушылары, мәнерлеп оқу сайыстарының жүлдегерлері, 11-сынып оқушылары Қанатбек Құдайберген, Мейірхан Арайлым, Бақтияр Аружан сайысқа қонақ ретінде қатысып, өлең оқыды. Осылайша жоғары сынып оқушылары
“Тіл - ұлттың жаны” атты интелектуалды сайыс өтті.
05
қыркүйек
2024
“Тіл - ұлттың жаны” атты интелектуалды сайыс өтті.
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай 5 “ә” сынып оқушылары арасында “Тіл - ұлттың жаны” атты интелектуалды сайыс өтті. “Ойшылдар” мен “Тіл жанашырлары” тобы тілге қатысты 9 тақырып бойынша білімдерін сынады. Жылдамдығы, тапқырлығы, білімділігімен оза шапқан “Ойшылдар” тобы үздік атанды. Оқушылардың танымдық қабілеттері артып, бір серпіліп қалды.