26
қараша
2024
“Қазіргі заманда домбыраның маңызы қандай?” деген өзекті тақырыпқа сұхбат түсірді
Өнер фракциясы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының көркем фильм режиссурасы бағытында оқитын студенттермен бірлесе отырып, “Қазіргі заманда домбыраның маңызы қандай?” деген өзекті тақырыпқа сұхбат түсірген болатын. Бұл сұхбатта домбыра үйірмесін ашу маңызы,виртуалды өмірден балаларды алшақтату, өнер саласына үлкен көңіл бөлу туралы үлкен мәселе қозғалды. Мектебіміздің оқушысы Мәлібек Інжу өз ойымен бөлісіп кетті. “Домбыра үйірмесі - жалпы мектептерде немесе басқада орталықтарда өте маңызды үйірмелердің бірі деп санаймын. Себебі, домбыра үйірмесі-адамның бойындағы өнерді ашады және де өзіміздің қазақша бейнемізді көрсетеді”. Осылайша біз өзекті тақырыптардың бірін қозғап,оны дамыту жайында ой толғап,бір шешімге келдік.