Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мен Отанымды қорғаймын” эссе байқауы
05
ақпан
2025
“Мен Отанымды қорғаймын” эссе байқауы
“Мен Отанымды қорғаймын” эссе байқауы  Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай гимназиямызда  5-8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті! Оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін, ерлік пен патриотизмді, бейбіт өмірдің қадірін жүректерінен шыққан сөздермен жеткізді.    Біз әрқашан бейбітшілік үшін күрескен батырларымызды ұмытпаймыз! Болашақ – біздің қолымызда!
9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте өткен кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып, болашақ мамандықтарымен жақынырақ танысты.
04
ақпан
2025
9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте
       Бүгін 9-11 сынып гимназия оқушылары Қаныш Сәтбаев атындағы университетте өткен кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып, болашақ мамандықтарымен жақынырақ танысты.  Заманауи зертханалар мен технологиялық орталықтарын  тамашалады. Бұл шара оқушыларымыздың кәсіби бағдарларын анықтауға, дұрыс шешім қабылдауға үлкен үлес қосты деп сенеміз. Оқушыларымыздың болашағына жол ашатын жаңа мүмкіндіктер көп болсын!
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы
03
ақпан
2025
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы
Ақпан - Жасампаздық және жаңашылдық айы Апта дәйексөзі “Шығармашыл бала - ойлы бала”  Сынып сағатында  оқушыларымыз еліміздің Әнұранын орындап,  рухани серпін алды.  “Көмек” бағдарламасымен жалғасып, “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам”— цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, онлайн әлемдегі негізгі қауіп-қатерлерге қарсы тұру жолдары қарастырылды. Балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері ерекше байқалып, әр тақырып олар үшін маңызды білім көзіне айналды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
03
ақпан
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Бүгін мектебімізде 3,5-6 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында мектеп инспекторы Н.Е. Махимов түсіндірме жұмысын жүргізді.  Кездесу барысында:  - Өз құқықтары мен міндеттері түсіндірілді;  - Қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері айтылды;  - Әлімжеттік жасамау, бір-бірін құрметтеу және достық қарым-қатынасты сақтау қажеттігі түсіндірілді. Балалардың қауіпсіз, мейірімді ортада дамуына қолдау көрсетейік!
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің негізі"
27
қаңтар
2025
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің
Ата-ана мен оқушының бірлескен жұмысы: табысты білім мен тәрбиенің негізі"        Бүгін мектебімізде ата-ана мен оқушылардың қатысуымен "Өнегелі өмір" тақырыбында тәрбиелік сабақ өтті. Сабақ барысында отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың бала жетістігіне тигізер маңызы талқыланды. Іс-шара ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының жоспарына сәйкес өткізілді. Бірлескен жұмыс – жарқын болашақтың кепілі!
Барлықтарыңды әр апта сайын болатын “Discussion” клубына шақырамыз!
22
қаңтар
2025
Барлықтарыңды әр апта сайын болатын “Discussion” клубына шақырамыз!
Барлықтарыңды әр апта сайын болатын “Discussion” клубына шақырамыз! Бізбен бірге әртүрлі қызықты және актулды тақырыптарды еркін отырып талдай аласыздар!
Қаңтар айының үшінші аптасының дәйексөзі: “Әділ заң-аспан тірегі”.
20
қаңтар
2025
Қаңтар айының үшінші аптасының дәйексөзі: “Әділ заң-аспан тірегі”.
Қаңтар айының үшінші аптасының дәйексөзі: “Әділ заң-аспан тірегі”. Сынып сағаттарында Әнұран шырқалып, «КӨМЕК» бағдарламасы, «Бірлік және ынтымақ!», «Жалпыға бірдей құқықтық білім беру / Буллингтен қорған!» тақырыптары қамтылды.  Жалпыға бірдей құқықтық білім беру аясында оқушылар адалдық пен заңға бағынудың маңыздылығын түсінді.