Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
WorldSkills Almaty 2025
08
сәуір
2025
WorldSkills Almaty 2025
Алматы қаласында  X өңірлік WorldSkills Almaty 2025 чемпионаты өз жұмысын бастады. Бұл – халықаралық қозғалыстың бір бөлігі болып табылатын, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мен жастардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған маңызды алаң. Чемпионат 9–11 сәуір аралығында “Атакент” көрме орталығында өтуде. Биылғы жылы чемпионатқа 53 құзырет бойынша 350-ге жуық жас маман қатысуда. Нәтижелерді бағалау үшін 500-ден астам тәжірибелі сарапшы тартылған. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 14 сәуір
✨ Тілге құрмет – елге қызмет!✨
07
сәуір
2025
✨ Тілге құрмет – елге қызмет!✨
7 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты өтті. Ұлт рухын ұлықтаған апталықтың тақырыбы – “Тілге құрмет – елге қызмет” деп аталды.  Кеш шымылдығы сырлы күймен түріліп, оқушылар жүректерге жол тартар өлең-жырларын оқыды. Сырлы саз, тіл мәртебесін ардақтаған сөз – барлығы рухани байлықтың айғағы болды.  Интеллектуалды ойын арқылы оқушылар білімдерін сынап, естелік сыйлықтарға ие болды. Ізденімпаздық пен
“Жылы сөз - жүректің кілті” демекші гимназияның педагог - психологтары алда келе жатқан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, өздерінің жылы лебіздері мен тәттілерін ұсынды.
05
наурыз
2025
“Жылы сөз - жүректің кілті” демекші гимназияның педагог -
“Жылы сөз - жүректің кілті” демекші гимназияның педагог - психологтары алда келе жатқан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, өздерінің жылы лебіздері мен тәттілерін ұсынды.  Психологиялық ахуал тудыру сәтінде ұжымымыздың көңіл-күйлері көтеріліп, алғыстарын білдірді.
“Ғылымның негізі – математика, болашағы – информатика” математика-информатика апталығы болып өтті
24
ақпан
2025
“Ғылымның негізі – математика, болашағы – информатика”
“Ғылымның негізі – математика, болашағы – информатика”  24.02 – 03.03.2025ж.  аралығында  Математика және информатика апталығы басталды!  Ғылым мен технологияның дамуы  математикалық заңдылықтар мен ақпараттық технологиялардың негізінде жүзеге асады. Сондықтан да бұл пәндер – болашақтың кілті! Апта бойы қызықты сайыстар, танымдық шаралар мен жаңашылдыққа толы сабақтар өтеді.  Ал сіз математика мен информатиканың өмірдегі маңыздылығы туралы не ойлайсыз?
Кітапханаға қызықты саяхат!
21
ақпан
2025
Кітапханаға қызықты саяхат!
Кітапханаға қызықты саяхат!  Гимназиямыздың 4А сынып  оқушылары Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай кітапханаға барып, танымдық іс-шараға қатысты.  Балалар өздері оқыған жазушының «Ермектің алмасы», «Есеннің кірпісі», «Сел», «Жас бұтақ» әңгімелерін талқылап, сұрақтарға жауап берді. Әр әңгімеден өзіне ой түйіп, шығармалардың тәрбиелік мәнін ұғынды.  Кітапханашылар С.Бегалиннің еңбектері мен қолданған заттары туралы қызықты деректермен, бейнероликтермен бөлісті.  Ерекше қонағымыз – жазушының
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым  Гимназиямызда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай 8-10 сынып оқушыларына арналған “Ауған жаңғырығы” атты кездесу өтті.
20
ақпан
2025
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым Гимназиямызда Кеңес әскерінің
“Ауған жаңғырығы” – ерлікке тағзым  Гимназиямызда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай 8-10 сынып оқушыларына арналған “Ауған жаңғырығы” атты кездесу өтті.  Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, ҰҚК Шекара әскерінің полковнигі Анацкий Владимир Георгиевич*, ҰҚК полковнигі Атыканов Алик Атыканович қатысты.  Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын түсіндіру.  Оқушылар өз
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті!
19
ақпан
2025
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті!
Гимназиямызда кәсіптік бағдар беру өтті! 19 ақпан күні гимназиямыздың 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.  Профессор Рузиддинов атындағы медициналық колледж оқытушылары  Кеңес Жібек Төлентайқызы  мен Серікбай Алина Құрманбекқызы медицина, фармация, стоматология және техникалық мамандықтар туралы ақпарат берді.  Оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт алды.
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.” 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады.
17
ақпан
2025
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.” 10-сынып
“Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл.”  Бүгін 10-сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесіп, олардың ерлік жолын тыңдады. Оқушылар 28-ші Панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға тағзым етіп, батырлар рухына гүл шоқтарын қойды.    Бұл шара  патриоттық тәрбиені нығайтып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Ардагерлер  бейбітшілік пен тәуелсіздіктің бағасын ұғындырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
“Жаратылыс сыры - ғылымда” атты жаратылыстану пәндері онкүндігі жабылу салтанаты аясында 17 ақпан күні  география пәні мұғалімі, педагог-шебер, Алимбай Салтанат Серикбайкызы “Тиімді оқыту мен оқу” атты шеберлік сабағын өткізді.
17
ақпан
2025
“Жаратылыс сыры - ғылымда” атты жаратылыстану пәндері онкүндігі
“Жаратылыс сыры - ғылымда” атты жаратылыстану пәндері онкүндігі жабылу салтанаты аясында 17 ақпан күні  география пәні мұғалімі, педагог-шебер, Алимбай Салтанат Серикбайкызы “Тиімді оқыту мен оқу” атты шеберлік сабағын өткізді. Мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасып,  кофе-брейк ұйымдастырылды.
педагог-шебер, Алимбай Салтанат Серикбайкызы “Тиімді оқыту мен оқу” атты шеберлік сабағын өткізді.
17
ақпан
2025
педагог-шебер, Алимбай Салтанат Серикбайкызы “Тиімді оқыту мен оқу”
“Жаратылыс сыры - ғылымда” атты жаратылыстану пәндері онкүндігі жабылу салтанаты аясында 17 ақпан күні  география пәні мұғалімі, педагог-шебер, Алимбай Салтанат Серикбайкызы “Тиімді оқыту мен оқу” атты шеберлік сабағын өткізді. Мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасып,  кофе-брейк ұйымдастырылды.