Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 26.03.2025
Кинотеатр – көрерменімен көрікті!
26
наурыз
2025
Кинотеатр – көрерменімен көрікті!
Көктемгі демалысты тиімді өткізу мақсатында гимназия оқушылары “Болмаған балалық шақ” фильміне барды.  Тарихи туынды оқушыларға терең ой салып, тағылымды әсер қалдырды. Осындай мәдени шаралар – рухани дамудың маңызды бөлігі!
Орталық мұражайға саяхат
26
наурыз
2025
Орталық мұражайға саяхат
Гимназия оқушылары көктемгі демалыс уақытында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына саяхат жасап, тарихи жәдігерлермен танысты. Мұражай залдарында оқушылар қазақ халқының мәдениеті, тәуелсіздік жолындағы күресі және ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихи кезеңдер туралы қызықты мағлұмат алды. Бұл саяхат оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, тарихқа деген қызығушылығын арттырды. Мұражайдағы ерекше экспонаттар мен құнды деректер оларды терең ойға жетелеп, ұмытылмас әсер
“Көктемгі демалыс”
26
наурыз
2025
“Көктемгі демалыс”
Көктемгі демалыс – тек тынығу уақыты ғана емес, сонымен қатар пайдалы істермен айналысу мүмкіндігі. Гимназия оқушылары бұл кезеңді табиғатқа қамқорлық жасап, үй шаруасына көмектесіп, шығармашылықпен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуге арнады. Аулаларын тазалап, көшеттер отырғызды. Бұл бастама оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершіліктерін нығайтады.
100 жылдан аса тарихы бар білім ордаларының басын қосқан кездесу
26
наурыз
2025
100 жылдан аса тарихы бар білім ордаларының басын қосқан кездесу
Оқу ағарту  министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы  100 жылдан астам тарихы бар білім ошақтарының ұжымдарымен Zoom платформасында кездесу өткізді.  Кездесуде 183 жылдық тарихы бар Жәңгір мектебі, 160 жылдық тарихы бар Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейі, 162 жылдық тарихы бар Махамбет ауданы Қызылүй орта мектебі сынды тарихи білім ордалары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Осындай терең тарихы бар мектептер – ел болашағының жарқын кепілі!