Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 20.03.2025
КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
20
наурыз
2025
КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
Бүгін мектебімізде ерекше күн болды . Оқушыларымыз тазалық жұмыстарына атсалысып, сыныптарын, дәліздерді, мектеп ауласын ретке келтірді. Көктемгі демалысты таза әрі жайлы ортада қарсы алу үшін оқушылар мен мұғалімдер бірге жұмыс жасап, ауаны тазартып, көңілді атмосфера орнатты. Үстелдер, орындықтар сүртілді. Терезелер ашылып, бөлмелер желдетілді Тазалық – тек айналаны емес, көңіл-күйді де жақсартады! Осындай ортада оқу да, демалу да әлдеқайда жағымды. Оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ!
20
наурыз
2025
20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ!
Бүгін гимназиямызда  Ұлттық ойын күні ерекше көңіл-күймен өтті. Оқушылар тоғызқұмалақ, асық ату, 5 тас, арқан тартыс, гір көтеру сынды қазақтың дәстүрлі ойындарына белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.  Жарыстар барысында логикалық ойлау, ептілік, күш және мергендік сынға түсті. Оқушылар командалық рухты танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.  Бұл күн барлығына  көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер қалдырды!
Домбыра – қазақтың жаны!
20
наурыз
2025
Домбыра – қазақтың жаны!
Домбыра – қазақтың жаны! Домбыра – халқымыздың қасиетті музыкалық аспабы. Оның күмбірлеген үні қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, даланың кеңдігін бейнелейді. Ұлттық болмысымызды сақтап, домбыра челленджіне қатысайық!