“Амал келді-Жыл келді”
Бүгін гимназиямызда ерекше кездесу өтті! «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» зейнеткерлері мен ардагерлері Көрісу күніне орай мектебімізге қонаққа келді. Қадірменді қарияларымыз бұл күннің маңыздылығы туралы айтып, жүрекке жылы естеліктерімен бөлісті. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, ән мен күйге толы тамаша кеш сыйлады. Бұл күн – үлкен мен кішінің арасындағы сыйластық пен бірліктің айғағы. Ұрпақтар сабақтастығының көрінісі болған мерекелік кездесулеріміз көп болсын!