Шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өтті
Бүгін, гимназиямызда “Менің Отаным-менің бастамам” жобалар байқауының “Отаным – қасиетті туған жерім” номинациясы бойынша байқау өтті! Байқауға Медеу ауданына қарасты білім ордаларының дарынды оқушылары қатысты. Оқушылар өз бастамаларын ұсынып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Жеңіске жету – тек бастамасы, ең бастысы – еліміздің өркендеуіне үлес қосу!