Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Гимназиямызда 5-сынып оқушылары арасында “Бала жүрегі – отбасы әлемі” атты сурет байқауы өтті.
21
мамыр
2025
Гимназиямызда 5-сынып оқушылары арасында “Бала жүрегі – отбасы әлемі”
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бала жүрегіндегі отбасыға деген махаббатты бейнелеу. Байқауға қатысқан оқушылар түрлі техникада салынған әсерлі суреттер арқылы өз отбасына деген сүйіспеншіліктерін, жылулық пен бірлікті шебер көрсете білді. ​https://www.instagram.com/reel/DJ6lo4TtnvI/?igsh=MTQwMXV2MDJueWdmcw==
“Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі”
20
мамыр
2025
“Дін мен дәстүр – ұлттың рухани тірегі”
Қалалық №32 кітапханамен бірлесіп, теолог, исламтанушы Ермек Жамбылұлы Көкірекбаевтың қатысуымен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіру, жастардың санасына ұлттық рух пен рухани иммунитет қалыптастыру, теріс ағымдарға жол бермеудің жолдарын көрсету. Кездесу барысында оқушыларға діни сауаттылықтың маңызы, жалған діни ағымдардан сақтану жолдары жайлы ақпарат беріліп, мазмұнды әңгіме өрбіді.
“Адам құқығы және буллинг”
19
мамыр
2025
“Адам құқығы және буллинг”
Алматы қаласы Әділет департаментінің  жоспарына сәйкес, тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі жетекші маманы 7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға адам құқықтары, буллинг ұғымы, оның түрлері мен зардаптары жайлы маңызды ақпараттар беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында әңгіме өрбіді. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, белсенді талқылауға қатысты.
Денсаулық — баға жетпес байлық. Ал спорт — сол байлықты сақтаудың ең тиімді жолы.
14
мамыр
2025
Денсаулық — баға жетпес байлық. Ал спорт — сол байлықты сақтаудың ең
Күнделікті қозғалыс, дене жаттығулары, белсенді өмір салты — тек дене саулығын емес рухани тепе-теңдікті де сақтайды. ✅ Жүрек пен тыныс алу жүйесін жақсартады  ✅ Иммунитетті күшейтеді  ✅ Стрессті азайтады  ✅ Өз-өзіне сенімділік береді 🌿 Бүгін жасаған кішкентай қадам – ертеңгі үлкен жеңіс!  Осыған орай  Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында «Спорт — адам денсаулығының маңызы» тақырыбында сабақ өткізілді. ​https://www.instagram.com/reel/DJoU0R3sHpg/?igsh=MXhyZGxqNndhcDZnZw==
Ана – отбасының жүрегі
12
мамыр
2025
Ана – отбасының жүрегі
Отбасы – әр адамның ең алғашқы мектебі. Ал сол мектептің мұғалімі – Ана. Оның мейірімімен, ақылымен, жылулығымен әрбір бала ер жетіп, болашаққа сеніммен қадам басады. Отбасы күні – тек жақындарымызға емес, ең алдымен анамызға алғыс айту күні.                    
Табиғатқа жанашыр оқушылар ісімен үлгі!
12
мамыр
2025
Табиғатқа жанашыр оқушылар ісімен үлгі!
Гимназиямыздың оқушылары «Мейірімді қақпақ» челенджіне белсене қатысып, әлі де өз үлестерін қосуда. Бұл бастама – тек пластик қақпақ жинау ғана емес, қоршаған ортаға жанашырлық пен көмекке мұқтаж жандарға мейірім танытудың жарқын көрінісі. Жас ұрпақтың мұндай белсенділігі — үлкендерге үлгі, болашаққа сенім!
“Тыл ардагерлеріне тағзым”
08
мамыр
2025
“Тыл ардагерлеріне тағзым”
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында гимназия оқушылары тылда еңбек еткен ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан аға буынның еңбегі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, мерекелік ән-жырын арнап, шағын сыйлықтарын табыстады.  https://www.instagram.com/p/DJ1GaPasMOe/?igsh=MnR0c2RjOWVobjQz
Сейсможаттығу – қауіпсіздіктің кепілі!
30
сәуір
2025
Сейсможаттығу – қауіпсіздіктің кепілі!
30 сәуір күні гимназиямызда Алматы қаласы бойынша жоспарланған жалпы қалалық сейсможаттығу аясында оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында оқу орнының барлық оқушылары мен қызметкерлері дабыл сигналы берілген сәттен бастап белгіленген тәртіп бойынша қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Төтенше жағдай кезінде жылдам әрі дұрыс әрекет ету, тыныштықты сақтау, алғашқы көмек көрсету және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік жаттығулар жүргізілді. Мұндай жаттығулар – білім
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы қаласы оқушылары арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан жүлделі орындарға ие болды.
30
сәуір
2025
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Алматы қаласы оқушылары арасында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасына іріктеу турнирінде гимназиямыздың намысын қорғаған оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Елетай Бейбарыс – І орын, Дүйсен Нұрасыл – ІІ орын иеленді. Жарыс нәтижесінде екі оқушымыз да маусым айында Қостанай қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы республикалық тоғызқұмалақ чемпионатына жолдама жеңіп алды. Жас
Дзюдодан жасөспірімдер арасындары «Дала қырандары» республикалық турнирі аясында JUMAQANOV LIGASY-ның алғашқы турында 35 салмақ дәрежесінде 1-орынды гимназия оқушысы Қанапия Арын иемденді.
29
сәуір
2025
Дзюдодан жасөспірімдер арасындары «Дала қырандары» республикалық
Дзюдодан жасөспірімдер арасындары «Дала қырандары» республикалық турнирі аясында JUMAQANOV LIGASY-ның алғашқы турында 35 салмақ дәрежесінде 1-орынды гимназия оқушысы Қанапия Арын иемденді. Жеңісті күндеріміз көп болсын!                      https://www.instagram.com/reel/DJCd8FwtuCJ/?igsh=MWk5bmQzcjM1bzM1dA==