Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінде «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу сайысы өтті.
17
қазан
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінде «Өлең – сөздің
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында бүгін мектебімізде «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу сайысы өтті. Қазақ сөз өнерінің шебері Абайдың терең ойлы өлеңдері оқушылар жүрегінен орын тапты.  Кеш мазмұнға толы, әсерлі, тағылымды болды. Қатысушылар Абай мұрасын терең түсініп, көркем оқуда шеберліктерін танытты. Сайыс жеңімпаздарына грамоталар мен қаржылай сертификаттар
Оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар мен қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
16
қазан
2025
Оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар мен қауіп-қатер
Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда өткен іс-шара барысында оқушыларға өз қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлар мен қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Мақсат – жас ұрпақты сақтыққа, жауапкершілікке және өз өмірінің қадірін білуге тәрбиелеу. 🙌
Бүгін мектебімізде ұлы ағартушы, зерттеуші, этнограф, ғалым — Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған ерекше іс-шара өтті.
15
қазан
2025
Бүгін мектебімізде ұлы ағартушы, зерттеуші, этнограф, ғалым — Шоқан
Бүгін мектебімізде ұлы ағартушы, зерттеуші, этнограф, ғалым — Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған ерекше іс-шара өтті.  “Талаптың мініп тұлпарын...” атты постерлік баяндама байқауында оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылымға қосқан үлесі мен саяхаттарынан сыр шертетін креативті жобаларымен бөлісті. Ізденіс, шығармашылық, зерттеу — бәрі осы шарада тоғысты. Бұл — жастардың ғылымға, тарихқа және ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыратын тамаша мүмкіндік болды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңдерімді жатқа оқу байқауы өтті
15
қазан
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Өлең – сөздің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің аясында ұлы ақын, кемеңгер ойшыл – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңдерімді жатқа оқу байқауы өтеді. 📍 Сайыстың өтетін орны: Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, 219-кабинет🗓️ Күні: 2025 жылдың 20 қазаны⏰ Сағат: 11:00-де Байқауға 8–10 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.Үздік өнер көрсеткен қатысушыларға мақтау қағаздары мен қаржылай сыйлықтар табысталатын болады.
«35 игі іс және жанашыр жүрек» айлығы аясындағы кездесу
14
қазан
2025
«35 игі іс және жанашыр жүрек» айлығы аясындағы кездесу
Бүгін гимназия оқушылары мен ұстаздары ардагерлерге арнайы барып, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың бойына құрмет пен ізгілік, қамқорлық пен жанашырлық қасиеттерін дарытып, адамгершілік пен мейірімге тәрбиелейді. Ардагерлермен жүздесу сәтінде оқушылар ән шырқап, домбырамен күй орындап, жүрекжарды тілектерін арнады  
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
13
қазан
2025
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
Бүгін №12 мамандандырылған гимназия базасындаҰлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты қалалық ту ұстаушылар байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақты елжандылыққа, Отанға адалдық пен рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу,қазақ жастарының патриоттық рухын арттыру болды. Байқаудың негізгі кезеңі 28 Панфиловшылар саябағында өз жалғасын тапты. Мемлекеттік және әскери туларды абыроймен алып шыққан
Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет
13
қазан
2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет
Бүгін гимназияда 7-сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.Кездесуді мектеп инспекторы Н. Күмісбаева өткізіп, түсіндірме жұмыс жүргізді.Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орында өзін-өзі ұстау мәдениеті, тәртіп сақтау, құқық пен міндеттің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.Сондай-ақ интернеттегі мінез-құлық ережелері мен құқықтық жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтірілді.Оқушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.Мұндай
«Отан сүю – отбасынан басталады» Бүгін гимназияда «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Отан сүю – отбасынан басталады» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
13
қазан
2025
«Отан сүю – отбасынан басталады» Бүгін гимназияда «Адал азамат»
Сынып сағаты – «Отан сүю – отбасынан басталады» Бүгін гимназияда «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Отан сүю – отбасынан басталады» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты – оқушылардың бойында отбасына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезім мен жауапкершілікке тәрбиелеу.
«Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
13
қазан
2025
«Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет
«Көмек» бағдарламасы аясында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсат – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімін арттыру, үрейге бой алдырмай, өзіне және өзгеге көмек көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
«Жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
13
қазан
2025
«Жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатында  оқушылар арасында «Жеке қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты – балаларға өз қауіпсіздігін сақтау, бейтаныс адамдармен, әлеуметтік желілерде және қоғамдық орындарда дұрыс әрекет ету ережелерін үйрету.Сабақ барысында оқушылар жеке шекара, өзін-өзі қорғау және сенімді ересектерге жүгіну маңыздылығы туралы пікір алмасты.Сондай-ақ интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық, жеке мәліметтерді қорғау және достық қарым-қатынаста әдеп сақтау жайлы талқыланды