13
қазан
2025
«Болашақ жастар қолында» қалалық ту ұстаушылар байқауы
Бүгін №12 мамандандырылған гимназия базасындаҰлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Болашақ жастар қолында» атты қалалық ту ұстаушылар байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақты елжандылыққа, Отанға адалдық пен рәміздерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу,қазақ жастарының патриоттық рухын арттыру болды. Байқаудың негізгі кезеңі 28 Панфиловшылар саябағында өз жалғасын тапты. Мемлекеттік және әскери туларды абыроймен алып шыққан жас сарбаздарерлік пен рухтың нағыз үлгісін көрсетті!