Бүгін Қала күніне орай өткізілген сенбілікке мектебіміздің ұжымы
Бүгін Қала күніне орай өткізілген сенбілікке мектебіміздің ұжымы белсене атсалысты. Аула тазаланып, ағаштар жасарды, гүлзарлар жаңарып, мектеп аумағы көрікке бөленді. Ұжым татулық пен бірліктің, ынтымақ пен еңбектің, туған шаһарды аялаудың шынайы үлгісін көрсетті. Қаламызды көркейту – баршамыздың азаматтық парызы, ортақ міндеті. Таза қала – өркенді болашақтың, нұрлы келешектің кепілі.