Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
📚✨ 5–6 сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз. Күшіміз бірлікте» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
19
мамыр
2026
📚✨ 5–6 сынып оқушыларымен «Біз бір командамыз. Күшіміз бірлікте»
      Тренинг барысында оқушылар ұйымшылдық, достық, өзара қолдау және бір-бірін тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты ойындарға қатысты. «Ортақ сурет», «Үндемей түсін», «Комплимент шеңбері», «Ортақ санау» сияқты белсенді жаттығулар арқылы балалар бірліктің күшін сезініп, жағымды эмоция алды 💙 ✨ Бірлік бар жерде – күш бар! ✨ Команда – бірге әрекет етіп, бірге жетістікке жету.                    https://www.instagram.com/reel/DYgaQC-sFKx/?igsh=ZGthc3lzYTE1eWFk
✨ 4-сынып оқушыларымен «5-сыныпқа қадам: жаңа белестер» тақырыбында психологиялық тренинг және «Менің бір жылдағы жетістіктерім» атты қорытынды рефлексия жұмысы өткізілді.
19
мамыр
2026
✨ 4-сынып оқушыларымен «5-сыныпқа қадам: жаңа белестер» тақырыбында
        Іс-шара барысында оқушылар орта буынға ауысу кезеңіне психологиялық тұрғыда дайындалып, жаңа ортаға бейімделуге қатысты өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқу жылы ішіндегі жетістіктерін саралап, өздерінің алға қойған мақсаттары мен жеткен нәтижелеріне шолу жасады. 💭✨        Мұндай жұмыстар оқушылардың алаңдаушылығын төмендетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және жеке жетістіктерін бағалай білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 🌱🤝              
✨ 8–10 сынып оқушыларымен «Өзіне деген сенімділікті дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
18
мамыр
2026
✨ 8–10 сынып оқушыларымен «Өзіне деген сенімділікті дамытуға арналған
    Тренинг барысында оқушылар түрлі жаттығулар арқылы қиын жағдайларда өзін сенімді ұстау, өз ойын ашық жеткізу, өз ұстанымын қорғай білу дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді. 💭🤝 Мұндай тренингтер жасөспірімдердің өзіне деген сенімін арттырып, өзіндік бағасын көтеруге және өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді. 🌱✨                    https://www.instagram.com/reel/DYgmdi-twec/?igsh=cGJjOHlnaWZ6MHdv
Құттықтаймыз!!! 🎉
18
мамыр
2026
Құттықтаймыз!!! 🎉
    №12 мамандандырылған гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі – Сабырбекова Сажида Мухаметказиновна, Алматы қаласы Білім басқармасы әдістемелік орталықтың қолдауымен ұйымдастырылған «Оқуға құштар педагог 2026» атты ауқымды қалалық байқауда жеңімпазы атанды.          Әріптесімізге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!! ​https://www.instagram.com/p/DYZJf_Iv7gM/?igsh=cXdnc3l1a3dvaDhp​​​
Гимназияның биылғы түлек-қыздары Мұхтар Шахановтың құрметіне “Ақ бантик” әнін орындады.
18
мамыр
2026
Гимназияның биылғы түлек-қыздары Мұхтар Шахановтың құрметіне “Ақ
     Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, халық ақыны Мұхтар Шахановтың дүниеден өткеніне де біраз күн болды. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ақын көзі тірісінде көптеген әнге сөз жазып, олар халықтың сүйікті туындыларына айналып, оның қаламынан туған өлеңдерге жазылған әндер қазақ эстрадасының алтын қорына енді. Солардың бірі – талай буынның жүрегінен орын алған «Ақ бантик» әні. Бұл ән биылғы мектеп бітірушілердің трендіне айналды.