Алматы қаласы Білім басқармасының
«Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 291-68-73
Есепші бөлімі:
+7(727) 291-09-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 мамыр – достық пен татулықтың, бірлік пен келісімнің мерекесі!
20
сәуір
2026
1 мамыр – достық пен татулықтың, бірлік пен келісімнің мерекесі!
        Бүгін мектебімізде ерекше рухтағы іс-шара өтті. Оқушылар әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық тағамдарын ұсынып, қолөнер мен мәдениетін таныстырып, өз өнерлерін  көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар қазақ елін түрлі ұлттардың тілінде құттықтап, көпұлтты Қазақстанның бай мәдениеті мен бірлігін айшықтай түсті.        Бұл мереке – әр жүректе достықтың отын жағып, бірліктің маңызын терең сезіндіретін күн. Бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!  @medeuaudany  @medeu.akimdigi  
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Зейнеп Ахметовамен әсерлі кездесу кеші Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия қабырғасында өтті.
15
сәуір
2026
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби
       Кездесуге ата-аналар қатысып, қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы, ұлттық құндылықтар жайлы айтқан ойларын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Жылы әрі еркін форматта өткен сұхбат барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.         Кеш өте мазмұнды, тағылымға толы өтті. Осындай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосатыны сөзсіз. ✨                 
✨ «Өз орныңды табуда, болашаққа сенімді қадам жаса!»
14
сәуір
2026
✨ «Өз орныңды табуда, болашаққа сенімді қадам жаса!»
Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназиясында 9-сынып оқушыларына арналған ерекше тренинг өтті 💡 Бұл тренингтің басты мақсаты — оқушыларға өзін-өзі танып, қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру. 📌 Тренинг барысында: * Оқушылар өздерінің жеке қасиеттерін анықтады * Әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтті * Шешім қабылдау және мақсат қою дағдыларын дамытты * Топпен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді 🌱
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде қатаң ескерту.
14
сәуір
2026
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ш. Уәлиханов атындағы №12
     Алматы қаласы Білім басқармасының «Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:     Педагогикалық әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға, сондай-ақ аниматорлар, студиялар мен түрлі агенттіктерді шақыруға қатаң тыйым
КӨМЕК бағдарламасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасы мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндірме-профилактикалық жұмыс жүргізілді.
13
сәуір
2026
КӨМЕК бағдарламасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасы мен Қалалық
      КӨМЕК бағдарламасы аясында Алматы қаласы Білім басқармасы мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі тақырыбында түсіндірме-профилактикалық жұмыс жүргізілді.      Іс-шара барысында білім алушыларға өрттің алдын алу жолдары, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Сонымен қатар,